Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын Ғ. Дүйсембаев жүргізді.

07.11.2019 0

«Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы.  

Аталған шарт 2018 жылғы 29 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында қол қойылған.

Шарт екі мемлекет арасында сотталған адамдарды жазасын одан әрі өз отанында өтеу үшін олармен алмасу мүмкіндігімен байланысты мәселелерді реттейді. Шартпен адамды беруді іске асыруға рұқсат ететін нақты жағдайлар мен осындай беру мүмкіндігін жоққа шығаратын жағдайлар көзделген.

Қазіргі     ақпаратқа     сәйкес     Қазақстанда     Моңғолияның 5 азаматты жазаларын өтеп жатыр, ал Моңғолияда сотталған Қазақстан азаматтары жоқ.

Қазақстанмен осыған ұқсас шарттар 21 елмен жасалған (Мысалы, Украина, Қытай, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері және т.б.).

Бұдан басқа, бүгін Бас прокуратура осындай келісімдерді Вьетнаммен, Кипрмен, Перумен, Аргентинамен және Доминикан Республикасымен жасасу мүмкіндігін пысықтауда.

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Заңының 11-бабына сәйкес, осы Шарт адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтындықтан, ол ратификациялауға жатады.

Бөлісу