Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

10.12.2019 0

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын әзірлеу қажеттілігі бірнеше заңнамалық актілерді «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына сәйкес келтірумен байланысты.

Өзгерістер енгізу ҚР Қылмыстық-атқару кодексіне және «Сақтандыру қызметі туралы», «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарға көзделіп отыр.

Қылмыстық-атқару кодексіне өзгерістер Қазақстан Республикасының заңнамасына міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылатын, сотталған әйелдердің алуға құқығы бар жүктілігі мен босануы бойынша әлеуметтік төлемнің атауын айқындауға бағытталған.

«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы және «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңын қызмет ету нормаларын бөлетін айқындаушы түзетулер енгізіледі.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарына «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заң жобасында көзделген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры анықтамасының өзгеруіне байланысты түзетулер енгізу ұсынылады.

Бұдан басқа, Мемлекеттік басшысының жолдауын іске асыру үшін ілеспен Заң жобасы атаулы әлеуметтік көмекті бөлу механизмі бөлігінде өзгерістерді көздейді.

Ұсынылаған шараларды кешенді қарастыру қажет, сондықтан ұсынылған жаңа ұстанымдар мынадай өзгерістерді көздейді:

Бірінші.Әлеуметтік жағдайы төмен балалардың жалпы санының 60% -ы көп балалы отбасылардың балалары (56,5%).
      Осыған байланысты, біз АӘК алатын көп балалы отбасылардан балаларды алып тастауды, табысына қарамай оларға мемлекеттік қолдау көрсетуді ұсынамыз. Бұл көп балалы аналардың беделін мойындау, олардың материалдық жағдайын жақсарту болып табылады.

Көп балалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақыны отбасының балалар санына байланысты АЕК-ке еселік сараланған мөлшерде 42,5 мың теңгеден 74 мың теңгеге дейін белгілеу ұсынылады. 

Бұл жаңа норманы АӘК тағайындау кезінде балаларға белгіленген төлемді бір мезгілде алып тастай отырып енгізуді ұсынамыз.

Екінші.  АӘК өмірде қиын жағдайға тап болған және өздігінен шығуға мүмкіндігі жоқ адамдарға тағайындалуы тиіс.

Осыған байланысты, мынадай негізгі тетіктер ұсынылады:

- біріншіден, АӘК-ны тоқсан сайын тағайындауды қайтару және тиісінше, үш айға шартты және шартсыз көмек тағайындау.

- екіншіден,кедейлік шегі мен жан басына шаққандағы табыс арасындағы айырмашылық ретінде АӘК мөлшері барлық отбасы мүшелері үшін анықталатын болады.

- үшіншіден, егер еңбекке қабілетті отбасы мүшесі жұмыспен қамтуға бағытталған белсенді шараларды қабылдамаса, онда ол және оның барлық отбасы мүшелері АӘК құқығынан айрылады.

Сондай-ақ, бала күтімімен айналысатын аналарға үш жасқа толған баламен жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу құқығын ұсыну ұсынылады.

- төртіншіден, учаскелік комиссияның қызметін күшейту. АӘК алушылар үйде тұрып, бірнеше автокөліктері, әсерлі жер учаскелері және жеке қосалқы шаруашылықтары болғандығы туралы мысалдар бар. Учаскелік комиссиялар бұл істерге жауап береді.

Сондықтан заң жобасында орталық атқарушы органның учаскелік комиссияларға атаулы әлеуметтік көмекке қажеттілікті айқындау өлшемдерін бекіту құзыретін қарастыру ұсынылады. 

Сонымен бірге біз учаскелік комиссияның қорытындысы бойынша АӘК беруге мұқтаж емес отбасыларға бас тарту негіздерін толықтыруды және отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындыны қалыптастыру үшін учаскелік комиссияларға мерзімін үш күннен жеті күнге дейін ұлғайтуды ұсынамыз.

Үшінші. Мемлекеттік атаулы көмек туралы заңды аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға кепілді әлеуметтік пакетті енгізу арқылы кеңейту ұсынылады.

Мектепке дейінгі жастағы балалар азық-түлік жиынтығымен, гигиеналық құралдармен қамтамасыз етіледі.

Оқушылар мектептерде тегін ыстық тамақ, күнделікті мектепке және кері тегін жол жүру, сондай-ақ мектеп формасы мен оқу құралдарын мемлекет есебінен алатын болады.

Осылайша, АӘК қолданыстағы тетігі түзетілетін болады.

Көп балалы отбасылар мемлекет қорғауында болды және солай болып қала береді.

Егер көп балалы отбасы жаңа жәрдемақыны ала отырып, аз қамтамасыз етілген отбасы мәртебесінде қалатын болса, ұсынылған заң жобасына сәйкес, жаңа принциптерге, оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек пен кепілдендірілген әлеуметтік пакет негізінде ӘҚБ тағайындалады.

Аталған заң жобасы аз қамтамасыз етілген адамдарға көмек көрсетудің атаулылығын, айқындылығын және әділдігін қамтамасыз етуге, оларға еңбекке жаңа ынталандырулар беруге тиіс, нәтижесінде мемлекет тек мұқтаж адамдарға ғана көмектесетін болады.

Бөлісу