Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

Әлі де абай болған дұрыс

12.05.2020 0

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі төтенше жағдай режімі аяқталғанын хабарлады. Төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытындысы жасалды.

 

Екі айға жуық уақыт оқшаулану жағдайында болдық. Осыдан не түйдік?

Біріншіден, Президент ҚасымЖомарт Тоқаев барлық қажетті шараларды дер кезінде жасады. Төтенше жағдай режімін енгізу арқылы індеттің жаппай таралуының жолы кесілді.

Екіншіден, Төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия шын мəнінде өте ауқымды жұмыс атқарды. Халықтың денсаулығын қорғау, олардың табысын арттыру жəне бизнесін қолдау үшін 500-ге жуық шешім қабылданып, жүзеге асырылды.

Үшіншіден, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері ауыр сынақ алаңында адал қызмет атқарды. Күн демей, түн демей, асқан жанқиярлықпен індетке қарсы арпалысты.

Төртіншіден, халқымыз ауызбіршілік пен тұтастық өнегесін көрсетті. Тəртіпке сөзсіз бағынып, тиісті сақтық шараларын жасау, оқшау режімде өмір сүру шарттарына көндікті. Сабыр мен сенімді серік етті.

Індет толығымен жойылмағанын ескеру қажет. Қауіптің беті əлі толық сейілмеген сияқты. Мемлекет басшысы «Індеттің екінші кезеңі басталып кетуі мүмкін. Сондықтан өзіміздің аман-саулығымызға, ең алдымен, өзіміз жауапты болуымыз керек. Індет қайта өршіген жағдайда Үкімет нақты шұғыл іс-қимыл жоспарын дайындайды», деп мəлімдеді. Сондықтан ауа жайылмай, тəртіп пен сақтық шараларын сақтау өте маңызды.

Енді төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету жөніндегі комиссия Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия болып қайта құрылатын болды. Бұл – дұрыс шешім.

Сонымен қатар экономиканың бірқатар саласы тұралап қалғаны шындық. Еңбекке жарамды халықтың жартысына жуығының табысы азайды. Індеттің бас талуы нағыз қазақтың «ұзынсары» – жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағына тап келді. Егін егу, мал бағу, өндіріс орындарының жұмысын реттеу мəселелерінде біраз қиындық туындауы мүмкін. Прези дент: «Азаматтарды қолдау мен бизнесті дамытуға арналған осы жəне басқа да шараларды жүзеге асыру үшін Эко номикалық өсімді қайта қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар əзірленіп жатыр. Бұл жоспар жуық арада бекітіледі», деп бұл тарапта бəрі ескерілетінін жеткізді.

Тағы бір қуанатын мəселе – Прези - дент «5-10-20» жаңа тұрғын үй жобасы қабылданатынын айтты. Бұл баспанасыз жүрген талай адамның кеу десіне үміт отын ұялатты.

Бір сөзбен айтқанда, жағдай бақылауда. Мемлекет қажет шаралардың бəрін жасап жатыр. Бізге сабыр мен төзім қажет. Сосын əлі де абай болу керек.

Нұртре ЖҮСІП, Парламент Сенатының депутаты

 

 

EGEMEN QAZAQSTAN гезеті №91 (29820) 12 МАМЫР, СЕЙСЕНБІ 2020 ЖЫЛ (3 бет)

 

Электрондық нұсқасы: https://pdf.egemen.kz/pdfs/2020/05/12.05.20.pdf

Бөлісу