Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

Сенатор Қ. Сафинов әкімшілік әділетінің тәжірибесін зерделеу мақсатында Әзірбайжанда болды

28.11.2019 0

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Қанатбек Сафинов Қазақстан делегациясының құрамында Баку қаласында болды. Сапар мақсаты – Әзербайжандағы әкімшілік әділеті қызметінің тәжірибесін зерделеу болып табылады.

Қазақстандықтар сапар аясында әкімшілік-экономикалық және апелляциялық соттардың, адвокаттар алқасының жұмысымен танысты, онда Қазақстан Республикасы Әкімшілік іс жүргізу кодексі жобасының жекелеген мәселелерін талқылады.

Сапарды «Орталық Азиядағы құқықтық мемлекеттілікке жәрдемдесу» бағдарламасы бойынша Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамы (GIZ) ұйымдастырды.

Бөлісу