Қапбарова
Айгүл
Жарылқасынқызы
Айгүл
Жарылқасынқызы
Сенат депутаты болып Шымкент қаласынан сайланған.
1975 жылы 10 тамызда туған, қазақ, білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген. Журналист. «Оңтүстік Қазақстан» газеті саясат бөлімінің меңгерушісі, «Шымкент Медиа» МКК бас редактордың орынбасары, директор - бас редакторы, «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС директор - бас редакторы болып қызмет атқарды.
Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған.