Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің, ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстармен күрестегі, ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы

15.10.2019 0

Келісімге, 2018 жылғы 28 қыркүйекте, Душанбе қаласында Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және Тәжікстан мемлекеттері басшыларымен қол қойылды. Әзірбайжан, Түркіменстан, Украина және Молдова қол қойған жоқ.

Сыртқы істер министрлігінің ақпаратына сәйкес, Келісімді тек Өзбекстан және Беларусь ратификациялады.

Қалғандары мемлекет-ішілік рәсімдерді жүргізуде (Армения, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан).

Келісімде, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің аумағында, кеңінен таралған қылмыстардың, және ІТ-саласындағы терминологияның, ортақ түсінігі қамтамасыз етіледі.

Сұрау салушы мемлекеттің азаматына қатысты, немесе сол елдің аумағында жасалған қылмыстардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу, және тексеруге мүмкіндік беретін ақпаратты алуға көмек беретін тәртіп орнатылады.

Ақпараттық технологиялар саласында дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар және оларға қатысы бар тұлғалар, осындай қылмыстармен күрестің нысандары мен әдістері туралы ақпаратпен алмасу қарастырылады.

Бірлескен іс-шаралар мен операцияларды жүргізу, кадрларды даярлау және оқыту, ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен, ғылыми-техникалық әдебиеттермен және нормативтік құжаттармен алмасу бойынша ынтымақтастықтың бағыттары көзделеді.

Өзара ынтымақтастық жасайтын, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің, құзыретті органдары анықталатын болады.

Заң қабылданғаннан кейін оның орындалуына жауапты құзыретті органдардың тізбесін белгілейтін Үкімет қаулысы әзірленеді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексіне сәйкес, оларға Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі және Қаржы министрлігі (Экономикалық тергеу қызметі) жатады.

Қажет болғанда, мемлекеттер өзара іс-қимыл тәртібін қосымша анықтайды, және оның механизмін жеке Ережелер немесе Регламент әзірлеу арқылы барынша реттей алады.

Келісім ережелерін жүзеге асыру қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізуді және Қазақстан Республикасының жаңа заңдарын қабылдауды талап етпейді.

Осы Заңды қабылдау, теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ, республикалық бюджеттен қосымша қаржы талап етпейді.

Бөлісу