Қазақстан Республикасының Әкімшілік қуқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Әкімшілік қуқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі - заң жобасы) «Мемлекет басшысының 2018 жылгы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындагы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 92- тармагына сәйкес әзірленген.
Заң жобасы әкімшілік-деликтік заңнамасын одан әрі жетілдіруге, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексті (бұдан әрі - ӘҚБтК) ізгілендіруге және репрессивтілігін төмендетуге багытталган, оның ішінде:
- әкімшілік құқық бұзушылықтың бірқатар құрамын азаматтық немесе тәртіптік жауапкершілік саласына ауыстыру;
- ықтимал жеңілдету және төмендету мәніне әкімшілік әрекеттер санкциясын қайта қарау;
- әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау үшін сот және соттан тыс сатылар арасындағы өкілеттіктерді бөлу;
- әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті электрондық форматка кезең-кезеңімен аудару;
- ӘҚБтК кұкық қолдану тәжірибесінде анықталган құқықтық кемшіліктер мен қақтығыстарды жою.
Заң жобасын қабылдау республикалық және жергілікті бюджеттер кірістерінің қысқартуына немесе шығыстарының ұлғаюына алып келмейді.