Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

СЕНАТОР «САҚ» КИНОСТУДИЯСЫНА БАРДЫ

10.08.2019 0

СЕНАТОР «САҚ» КИНОСТУДИЯСЫНА БАРДЫ

Бүгінде Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының депутаттары өздері сайланған ауыл-аймақтарды аралап, жергілікті тұрғындардың тыныс-тіршілігімен танысып, көкейлеріндегі көп сұрақтарына құлақ түріп жүр. Олардың қатарында Шымкенттен сайланған Айгүл Қапбарова да бар.
Осы аптада сенатор Айгүл Жарылқасынқызы өзі бірнеше жыл басшылық еткен «Шымкент ақпарат орталығына» барды. Одан соң ол «Томпақ», «Қалқанқұлақ» сериалдарымен, «Қазақ елі», «Теке мен Қошқар» анимациялық фильмдерін жарыққа шығарған «САҚ» киностудиясына бет алып, ондағы жұмыспен танысты.
Бүгінге дейін 60-тан астам анимациялық және 6 толықметражды фильм түсірген киностудия ұжымымен кездесу кезінде оның директоры Нуриддин Паттеев пен режиссер Батырхан Дәуренбеков депутатқа өздерінің шығармашылық ой пікірлерімен бөлісіп, жаңа жобаларын таныстырды.
Сенатор Айгүл Қапбарова биыл қабылданған ‘Кинематография туралы» заң киноөндірісін қолдауға, ұлттық фильмдердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, халық үшін кино көру қызметінің қолжетімділігі мен отандық кино беделінің өсуіне және танылуы үшін заңнамалық негіз жасалғаны жөнінде әңгімеледі.
Бұл жүздесуде кино және анимация саласын мемлекеттік қаржылық қолдау мәселелері де сөз болды.
Аталған киностудия биыл «Төле би» атты 10 сериялы кинохикаясын, «Түркістан», «Оқсыз оқиғасы», «Ордабасы — бірліктің туы» атты анимациялық фильмдерін түсіріп, көрермен назарына ұсынған. Олардың барлығы да көрермен тарапынан жоғары бағаланған.
С. НҰРАЙ.

http://uaqyt.kz/?p=6200

Бөлісу