Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Өмірбаяны

Лұқпанов
Сағындық
Есенғалиұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Атырау облысынан сайланған депутаты.

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі.

Сенат депутаты болып Атырау облысынан сайланған.

С.Е. Лұқпанов 1960 жылы 5 қарашада Атырау қаласында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін Гурьев темір жол көлігі техникумына түсіп, «техник-электрик» мамандығы бойынша бітірген (1983 ж.).

1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару Академиясы жанындағы Алматы нарық институтының «экономика және менеджмент» бойынша мамандығы бойынша бітірген.

1979-1981 жылдары Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеді.

Алғашқы еңбек жолын Маңғышлақ белгі беру және байланыс дистанциясында электромонтер мамандығы бойынша бастаған.

1983- 1991 жылдар аралығында Маңғышлақ белгі беру және байланыс дистанциясында электромеханик, аға инженер, өндірістік учаскесінің бастығы, орынбасары қызметін атқарған.

1991-2002 жылдары Гурьев белгі беру және байланыс дистанцияның бастығы болып жұмыс істеді.

2002-2007 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ - «Атырау магистральдық желі бөлімшесі» филиалының директоры қызметтерін атқарды.

2007 жылғы қаңтардан 2007 жылғы желтоқсанға дейін «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ «Атырау магистральдық желі дирекциясы» филиалының бас инженері лауазымын атқарған.

2007-2010 жылдары «Каспий» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ Атырау облысындағы өкілдігінің директоры болып жұмыс істеді.

2010-2012 жылдары «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы болып қызмет етті.

2012-2017 жылдары V және VI шақырылымдардағы Атырау облыстық мәслихатының хатшысы болып сайланды.

2017-2018 жылдары Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.

2018 жылдың шілдесінен бастап «KPI Inc» ЖШС Басқарушы директоры қызметін атқарды.

Отбасылы, екі бала тәрбиелеп отыр.

«Аманат» партиясының мүшесі.

«Құрмет» және «Парасат» ордендерімен марапатталған.

«Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған.