Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы»

13.10.2020 0

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісім 2019 жылы 25 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында жасалды. Қазіргі кезенде заңсыз көші-қон елдердің ұлттық қауіпсіздігіне, криминогенді, әлеуметтік-экономикалық жағдайына елеулі әсер етуде. Осыған байланысты, заңсыз көші-қонға қарсы күрес саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың кеңеюі заңсыз көші-қонға қарсы күреске Тараптардың ынтымақтастығының құқықтық негізін беретін жеке халықаралық шарт шенберінде маңызды болып табылады.

Бізге ұсынылған Келісім екі уағдаласушы мемлекеттің заңсыз көші-қонға қарсы күрестің  ынтымақтастығының негізгі бағыттарын, осы салада белгіленген мақсаттары мен міндеттердің, оның ішінде көші-қон процесстерін реттеу, қос азаматтық фактілерін алдын-алу, заңсыз көші-қонға қарсы күрестегі жұмысты ұйымдастыру бойынша ақпаратпен алмасу іс-шараларының құқықтық тетіктерін айқындайды. Заң жобасы қажетті әрі маңызды, еліміздің тұрақтылық пен қауіпсіздігін нығайтуға, сондай-ақ экономикалық ынтымақтастықты, ғылыми және мәдени өзара іс-қимылды дамытуға кең мүмкіндік береді деп санаймын. Жұмыс тобының отырысында заң жобасы жан-жақты талқыланды. Комитет депутаттарынан ескертулер мен ұсыныстар түскен жоқ. 

Бөлісу