Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Өмірбаяны

Карплюк
Сергей
Алексеевич

Қостанай облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

Қаржы және бюджет Комитетінің мүшесі.

1968 жылы 1 мамырда дүниеге Қостанай облысының Қостанай қаласында дүниеге келген.

Үйленген, екі баланың әкесі.

Тілдерді меңгеру: орыс тілі.

Білімі, мамандығы (квалификация), лицензиялары:

1993 жылы Иванов атындағы химия-технологиялық институтын «инженер-химик-технолог» мамандығы бойынша бітірген.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 1996 жылы Қостанай облыстық өнеркәсіп және сауда басқармасының бас маманы болып бастаған. 2008 жылға дейін осы салада түрлі басшылық қызметтерде жұмыс істеді.

2009 жылдың қазан айынан бастап - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің кеңесшісі. 2014 жылға дейін ҚР Индустрия және сауда министрлігінде Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары, кейін Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

2014 жылғы маусымнан қарашаға дейін - «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары.

2014 жылдың қарашасынан 2020 жылдың тамызына дейін - Қостанай облысы әкімінің орынбасары.

2020 жылдың 28 тамызында Қостанай облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды.

Мемлекеттік және халықаралық марапаттар, сыйлықтар, құрметті атақтар:

2018 жыл - Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды.

2015 - ІІІ дәрежелі «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» медалі

2001 - «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі

2011 - «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі

2016 - «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі