Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Сенатор С.Мәкежанов полицияның сервистік моделін кеңейту мәселелерін талқылауға қатысты

15.10.2021 0

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары Ішкі істер министрлігіне барып, полицияның сервистік моделін кеңейту мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Іс-шараға ҚР Президент Әкімшілігі Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі Алексей Калайчиди, ІІМ басшылығы, онлайн-режимде мәслихат хатшылары, өңірлердегі полиция департаменттерінің басшылары және облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Сенаторлар мен кездесуге қатысушылар ішкі істер органдары жүйесін реформалау бойынша қабылданған шараларға тоқталып өтті. Бұл –салаға қатысы жоқ бірқатар қызметтен босату, учаскелік инспекторлардың мәртебесін арттыру, олардың техникалық жарақтандырылуын жақсарту және тағы басқалары. Сонымен бірге депутаттар осы саладағы өзекті мәселелерге де назар аударды.

Одан бөлек, депутаттар жаңа учаскелік полиция пунктерін салу қажеттігін де тілге тиек етті. Бұл «қолжетімді полиция» қағидатын қамтамасыз ету үшін маңызды. Сенаторлар бұл істе кейбір облыстарда оң нәтижелердің бар екенін айтып, жетілдіретін тұстардың да аз емесіне көңіл бөлді. Таяуда ашылуға тиіс 78 учаскелік полиция пунктінің 27-сі ғана жұмыс істеп тұр. Осыған байланысты сенаторлар мәслихаттар мен әкімдіктерді аталған бағытта белсенділік танытуға шақырды.

 

 

Бөлісу