Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Өмірбаяны

Күрішбаев
Ақылбек
Қажығұлұлы

Нұр-Сұлтан қаласынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің хатшысы.

1961 жылғы 13 сәуірде Алматы қаласында туған.

Еңбек жолын 1977 жылы Алматы облысы Талғар ауданындағы МРСХО бөлімінде комбайнер көмекшісінен бастаған.

1983 ж. Алматы қаласындағы Қазақ ауыл шаруашылық институтын үздік бітірген.

1983 ж. В. Вильямс атындағы Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтына қатардағы лаборант болып қабылданды.

1984 ж. күндізгі аспирантурасына оқуға түсті.

1986 – 1997 ж.ж. В. Вильямс атындағы Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер, кәсіподақ төрағасы, аға ғылыми қызметкер, ғылым бойынша директордың орынбасары лауазымдарында қызметтер атқарды.

1997 – 2002 ж.ж. А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры болып жұмыс атқарды.

2002 – 2005 ж.ж. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарды.

2006 ж. ҚР АШМ Ғылым департаменті директоры болып тағайындалды.

2007 ж. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық вице - министрі.

2008 – 2011 ж.ж. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі.

2011 – 2020 ж.ж. «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» Акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы.

2020 ж. 27 тамыздан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды.

2006 жылғы 8 желтоқсандағы ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.

2005 жылғы 25 тамыздағы ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалімен наградталды.

Қазақстан Республикасының және оның астанасының дамуы мен қалыптыасуына елеулі үлес қосқаны үшін «10 жыл Астана» мерекелік медалімен наградталды.

2011 жылғы 10 қарашадағы ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» меркелік медалімен наградталды.

2012 жылғы 5 желтоқсандағы ҚР Президентінің Жарлығымен «Құрмет» орденімен наградталды.

2015 жылғы 5 тамыздағы ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен наградталды.

2015 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен наградталды

2016 жылғы 29 қарашадағы ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен наградталды.

2018 жылғы 5 желтоқсандағы ҚР Президентінің Жарлығымен «Парасат» орденімен наградталды.

2018 жылғы 20 маусымдағы ҚР Президентінің Жарлығымен «Астана 20 жыл» мерекелік медалімен наградталды.

2019 жылғы 9 желтоқсандағы «Nur Otan» партиясы Саяси кеңес Бюросының қаулысымен «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

2020 жылғы 20 тамыздағы ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен наградталды.