Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Өмірбаяны

Исабаев
Бейбіт
Өксікбайұлы
Туған күні: 04.12.1962
Туған жері: ҚазКСР; Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы
Отбасылық жағдайы, туыстық байланыстары:
·      Әйелі: Игенсартова Әсия Ғабдиманқызы
·      Баллары: 2 қыз, 1 ұл
Тілдерді білуі:
·      Қазақ, орыс, ағылшын
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
·      С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1985)
Журналист
·      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясы (1999)
Халықаралық қатынастар маманы
Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі:
·      Саяси ғылымдарының кандидаты, диссертация тақырыбы: "Қазақстан Республикасындағы бұқаралық ақпарат құралдары және этносаяси процестер" (1998)
·     Қазақстан Республикасы Гуманитарлық Ғылымдар Академиясының академигі (1996)
·      I сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл (2005)
Еңбек өтілі:
·      Қазақ КСР телерадио хабарларын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетінің редакторы (1985-1987);
·      Республикалық «Лениншіл Жас» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі (1987-1991);
·      «Өркен», «Горизонт» газеттерінің орынбасары, бас редакторы (1991-1994);
·      Қазақ мемлекеттік теледидарының бас директоры (02.1994-04.1994);
·      Алматы қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары (05.1994-07.1994);
·      Алматы қаласы әкімдігінің ішкі саясат комитетінің төрағасы (07.1994-1995);
·      Алматы қаласы әкімінің орынбасары (1995-1997);
·      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясының тыңдаушысы (1997-1999);
·      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Әкімшілік департаментінің директоры (1999-2000);
·      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің үкіметтік ақпарат бөлімінің меңгерушісі (2000-05. 2002);
·      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі (05.2002-09.2002);
·      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі (09.2002-12.2002);
·      Қазақстан Республикасының «Орталық Азия ынтымақтастығы» Ұйымы мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестірушісі (12.2002-2003);
·      Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2003-2006);
·      Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы (25.04.2006-27.02.2008);
·      Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі (27.02.2008-19.08.2008);
·      Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы (19.08.2008-25.06.2009);
·     Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (07.2009-16.03.2015);
·     Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (16.03.2015-07.2019);
·     Қазақстан Республикасы Президентінің Парламенттегі өкілдігінің басшысы (07.2019-13.01.2022)
Партияға қатыстылығы:
·     «Amanat» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі
Сайланбалы қызметтері, депутаттық:
·     Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (13.01.2022 ж. бастап), Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы (01.2022 ж. бастап)
Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары:
·      «Құрмет» ордені (2007)
·      «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» медальдері
·      Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы (2001)
Ғылыми, әдеби еңбектер, жарияланымдар:
·      Баспасөздегі бірқатар жарияланымдардың авторы
Әскери қызмет, әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер:
·      Запастағы аға лейтенант