Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Өмірбаяны

Сарыбаев
Ғалиасқар
Төлендіұлы

Жетісу облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

1963 жылы 24 қыркүйекте Алматы облысы Кербұлақ ауданы Шанханай ауылында дүниеге келді.

1970 жылы Кербұлақ ауданы Шоқан Уалиханов атындағы орта мектепке бірінші сыныпқа барып, 1980 жылы Сарыөзек кентіндегі №49 орта мектептегі оқуды бітірді.

1980-1985 жылдары С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің, механика және қолданбалы математика факультетінде оқып, механик мамандығын, 2002-2005 жылдары Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясының құқықтану факультетін бітіріп, заңгер мамандығын алған.

Еңбек жолын 1985 жылы Павлодар қаласындағы В.И.Ленин атындағы трактор зауытында инженер-конструкторы ретінде бастады.

1986-1991 жылдары Сарыөзек станциясы локамотив ДЕПО-сының комсомол хатшысы, Қазақстан ЛКЖО Кербұлақ аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі, бірінші хатшысы қызметтерін атқарды.

1991-1993 жылдары Қазақстан Компартиясының Кербұлақ аудандық партия комитетінің кеңесшісі, халық депутаттары кеңесінің ұйымдастыру-кадр бөлімінің референті, аудандық әкімшілік басшысы орынбасарының референті қызметінде болды.

1993-1994 жылдары аралығында Сарыөзек кентінде Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің директоры, 1994-1999 жылдары аралығында Кербұлақ аудандық жастар ісі, туризм және спорт, тілдер жөніндегі басқармаларының бастығы, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадр бөлімінің бас маманы, жалпы бөлім басшысы ретінде жұмыс жасады.

1999-2001 жылдары Алматы қаласында «Отан» қоғамдық бірлестігінің Орталық комитеті төрағасының орынбасары, «Тұмар» сақтандыру компаниясы» жабық акционерлік қоғамының вице–президенті, Т. Құлыбеков атындағы мәдениет және ғылым саласында жастарды қолдау» қоғамдық қоры директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

2001-2002 жылдары Талдықорған қаласында «Фирма «Жаса» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің, «Самал» пәтер иеленушілер коперативінің банкрот жөніндегі конкурстық  басқарушының орынбасары болып тағайындалды.

2002-2004 жылдары  Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бұқаралық ақпарат құралдары және реформаларды насихаттау бөлімінің бас маманы, бөлім бастығы, бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу және мониторинг бөлімінің бастығы, 2005-2011 жылдары аралығында Алматы облыстық ішкі саясат департаментінің үкіметтік емес ұйымдар, жастар және діни бірлестіктермен жұмыс істеу бөлімінің бастығы, басқарма бастығының орынбасары болып қызмет атқарды.

2011-2015 жылдары аралығында Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, ал 2015-2016 жылдары Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымында болды.

2016 – 2019 жылдары «Аманат» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып, сайлаушылар арасында көпшілік қоғамдық-саяси жұмыстар ұйымдастырды.

2019 жылдың 26 желтоқсанынан 2020 жылдың 23 желтоқсанына дейін Алматы облысы әкімінің кеңесшісі, Әдеп жөніндегі уәкілі.

2020 жылдың 23 желтоқсанынан 2022 жылдың 26 тамызына дейін Кербұлақ ауданының әкімі.

2022 жылдың 26 тамызынан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

1989-1994 жылдары Кербұлақ аудандық халық депутаттары кеңесінің, 2016-2019 жылдары аралығында Алматы облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды.

2017 жылдан бастап Алматы облысы қоғамдық кенесінің мүшесі болды.

2023 жылғы 28 қыркүйектен бастап Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.

Еңбек жолында жеткен табыстары үшін 13 медаль, 1 омырау белгі, 2 төс белгімен марапатталды. «Құрмет» орденінің иегері. Кербұлақ ауданының Құрметті азаматы.

Үйленген, үш ұл тәрбиелеп, өсіруде.