Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Өмірбаяны

Сатвалдиев
Алишер
Гапиржанович

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.

1984 жылы 18 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданының Сайрам ауылында дүниеге келді.

1992-2003 жылдар арасында Шымкент қаласының Сайрам тұрғын алабындағы №110 З.Хусанов атындағы орта мектепті үздік аттестатпен бітірді.

2003 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің, тарих факультетінің «Тарих, құқық және экономика негіздері» мамандығына түсіп, 2007 жылы үздік дипломмен тамамдады.

2013-2015 жылдарда Мирас университетін «Заңгер» мамандығы бойынша тамамдады.

2003-2007 жылдар аралығында университет қабырғасында студенттік өзін - өзі басқару жүйесінде студенттік директор қызметін қоса атқарды. Облыстық және қала денгейіндегі іс – шаралармен түрлі жарыстарға қатысты. 2004-2007 жылдар арасында Президенттік шәкіртақы иегері атанды.

Студенттік жылдары бірқатар ғылыми конференцияларға қатысып, мақалалары ғылыми жинақтарда басылды.

2007-2012 жылдарда Сайрам ауданы бойынша «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар Қанаты филиалына төрағалық етті.

2007 жылдың қазан айынан  «Нұр Отан» партиясы Сайрам аудандық филиалының Сектор меңгерушісі қызметіне қабылданды. Осы қызметте 2016 жылдың 1 сәуіріне дейін еңбек етіп, қызметтегі белсенділігі нәтижесінде бір қатар республикалық деңгейдегі грамоталармен марапатталды.

2016 жылдың 1 сәуірінен 2023 жылдың 25 қаңтарына дейін Түркістан облыстық «Жанубий Қозоғистон» қоғамдық-саяси газетінің директор – бас редакторы қызметін атқарды.

2023 жылдың 25 қаңтарынан Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.

Қазақстан Халқы Ассамблеясының, Аманат партиясының, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. ҚР өзбектері «Дустлик» қауымдастығы Кеңесінің мүшесі.

Түрлі жылдарда ҚР Президентінің алғыс хаттарымен, «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» (2020 ж.), «Мейірім» (2020 ж.) және «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл» (2021 ж.) медальдерімен марапатталды.

Отбасылы. 1 ұл, 3 қыз тәрбиелеуде.