Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Депутаттық сауалдар

Депутаттық сауал №15-13-189 Д/З, 25.06.2019

25.06.2019 0

Бастамашы: Волков Владимир Васильевич

Отбасы-тұрмыстық құқық бұзушылықтың алдын алуды күшейту және осы саладағы заңнаманы одан әрі жетілдіру бойынша қосымша шараларды қабылдауға қатысты.
Файлдар:
Депутаттық сауалға жауаптар:
Жауап №23-9/1592 дз от 24.07.2019
ТАӘ Премьер-Министр Республики Казахстан, Мамин Асқар Ұзақбайұлы
Жауаптың қысқаша мазмұны Отбасылық-тұрмыстық қатынастар мен отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу аясында уәкілетті мемлекеттік органдар үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп бірқатар кешенді шаралар қабылдап жатыр. ІІМ мәліметінше, үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында полиция органдары 41 мыңнан астам «отбасылық тәртіп бұзушыны» анықтап, тіркеген (2018 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда + 14%). Сонымен қатар, 2018 жылдан бастап Жоғарғы Сот «Отбасы соты» пилоттық жобасын жүзеге асыруда, оған отбасылық дауларды (ажырасу, ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік бөлініс) қарастыратын жалпы юрисдикция соттары, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар мен мамандандырылған әкімшілік соттар қатысады. Отбасы соттарын құруды көздейтін «Кейбір заңнамалық актілерге отбасылық соттарды құру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленді және келісу рәсімінен өтуде. «Баршаға ортақ игілік! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» атты Президенттің сайлауалды тұғырнамасын іске асыру аясында 2020–2022 жылдарға арналған қылмыстың алдын алудың ведомствоаралық кешенді жоспары жасалуда. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстен отбасылық және тұрмыстық қатынастар саласында заңсыз әрекеттер жасалған кезде тараптардың татуласу мүмкіндігін алып тастау туралы ұсынысқа келетін болсақ, пысықтау нәтижелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар аталған институтты алып тастаудың орынсыздығы туралы айтқанын ескертеміз. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылдың нысандары мен әдістерін жетілдіру бойынша одан арғы жұмыс аталған жоспарды және заң жобасын іске асыру аясында жалғасады.
Файлдар
Бөлісу