Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Депутаттық сауалдар

Депутаттық сауал

Сауалдың жолданған күні және нөмірі 05.07.2019, 15-13-220 Д/С
Бастамашы Еңсегенов Сәрсенбай Құрманұлы
Сауал мүшелері
Адресат Премьер-Министр Республики Казахстан - Мамин Асқар Ұзақбайұлы
Сауалдың қысқаша мазмұны Біріккен Ұлттар Ұйымының ақпаратына сәйкес Қазақстан алкоголь өнімдерін ішу көрсеткіші бойынша әлемдегi алғашқы он елдiң қатарында. Орта Азияда Қазақстан бiрiншi орында тұр. Статистикалық мәліметке сүйенсек, орташа есеппен күн сайын мас қылмыскерлер қолынан 3-тен 5-ке дейін адамдар қаза болады деген ақпарат бар. Бұндай қасіретке бей тарап қарауға болмайды. Қазақстандық қоғамдағы алкогольді тұтынудың профилактикасына байланысты қолданыстағы заңнаманы жетілдіру керек, сонымен қатар алкоголь өнімінің айналымын реттеуді шет мемлекеттердегі тәжірибені зерделеп тиімді шаралар қолдану қажет.
Құжат

Ответы

Жауап беру күні және нөмірі 31.07.2019 , №20-9/1740 дз
ТАӘ Премьер-Министр Республики Казахстан, Мамин Асқар Ұзақбайұлы
Жауаптың қысқаша мазмұны Үкімет халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және азаматтардың өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасау, елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге ықпал ететін олардың денсаулығын нығайтуға бағытталған саясатты ұстанады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде бизнес субъектілерінің қызметіне шамадан тыс жүктемемен және негізсіз араласумен байланысты мемлекеттік органдар тарапынан реттеушілік әсердің жаңа шараларынан тосқауыл қоюды қамтамасыз ететін және болжамдалған жүктеменің әсер ету дәрежесін анықтауға мүмкіндік беретін реттеушілік әсерді талдау институты көзделген. Бұдан басқа, Мемлекет Басшысы 2019 жылы 24 мамырда Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысында өз сөзінде қолайлы іскери ортаны қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті тиімді қолдау, бәсекелестікті дамыту және қорғау бойынша міндеттерді айқындады. Осылайша, жоғарыда көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асырудың бір құралы бизнесті реттеуді қатаңдату орындылығын объективті бағалау немесе оның болмауын қамтамасыз ететін реттеушілік әсерді талдаудың рәсімі болып табылады. Баяндалғанның негізінде, алкоголь өнімін мемлекеттік реттеу кезінде нормативтік ықпал жасауды талдаудың міндетті рәсімін алып тастау туралы ұсыныс қолдау таппайды.