Қазақстан Республикасы

                                                                           Парламенті Сенаты Бюросының

                                                       2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 248-V СБ

қаулысымен бекітілді   

                                                                        

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының  2015 жылға арналған негізгі  іс-шараларының

ЖОСПАРЫ

 

Рет №

Іс-шараның атауы

Өткізу мерзімі

 

Жауаптылар

 

І. Сенат депутаттарының Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларын іске асыруға  қатысуы

 

1.

Мынадай:

- Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың  «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға  бағытталған;

- Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентінің кезекті сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде атап өтілген заң жобаларын қарау

 

Сенатқа келіп түсуіне қарай

Бас комитеттер

2.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың  Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және насихаттау

 

Жыл ішінде

Сенат депутаттары

3.

Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шараларды орындау

Жыл ішінде (жеке жоспар бойынша)

 

Бас комитеттер

 

. Сенат депутаттарының заң шығарушылық қызметі

 

1.

Заң шығару бастамасы құқығының субъектілері бастамашылық жасаған және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған заң жобаларын қарау

Конституция-лық мерзімдерде,

Сенатқа келіп түсуіне қарай

 

Бас комитеттер

2.

Парламент депутаттары бастамашылық жасайтын заң жобаларымен жұмыс

 

Жыл ішінде

Сенат депутаттары

 

ІII.  Үкіметтік сағаттар

 

1.

«Қазақстан Республикасында энергетика саласын дамыту және жаңартылған энергия көздерін пайдалану және дамыту шаралары» тақырыбына арналған үкіметтік сағат

 

III  тоқсан

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті

 

 

IV. Сенат комитеттерінің көшпелі отырыстары

 

1.

 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы «Қорғас» автомобиль өткізу пунктінде өсімдік карантині және ветеринарлық-санитарлық бақылау функцияларын жүзеге асыру және Қорғас өзенінде «Достық» ортақ су торабын бірлесіп пайдалану жөнінде» тақырыбына арналған Комитеттің Алматы облысындағы көшпелі отырысы

 

 

II тоқсан

 

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті

 

2.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мәселелері бойынша Комитеттің Батыс Қазақстан облысындағы көшпелі отырысы

II тоқсан 

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті

 

3.

«Маңғыстау облысындағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің жай-күйі  және оны елдің жаңа экономикалық саясатын іске асыру аясында жетілдіру мен құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» тақырыбына арналған Комитеттің Маңғыстау облысындағы көшпелі отырысы

 

II тоқсан

Әлеуметтік-мәдени

даму және ғылым комитеті

 

4.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын іске асыру аясында индустриялық инфрақұрылымды қалыптастыру және «Қазфосфат» ЖШС мен «Тараз химия паркі» арнайы экономикалық аймағы үлгісінде химия өнеркәсібі жобаларын іске асыру мәселелері бойынша Комитеттің Жамбыл облысындағы көшпелі отырысы

 

II тоқсан

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті

 

5.

Салықтық және кедендік әкiмшiлендiру мәселелері бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкерлерімен кездесу үшін Комитет мүшелерінің Солтүстік Қазақстан облысына сапары

 

III тоқсан 

Қаржы және бюджет комитеті

6.

Жаңа Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін қолдану мәселелері бойынша Комитеттің Өскемен қаласындағы (Шығыс Қазақстан облысы) көшпелі отырысы

III тоқсан 

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

 

 

 

V. Дөңгелек үстелдер, конференциялар  және  Сенат депутаттарының басқа да іс-шаралары

 

1.

«Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру барысы туралы» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

 

I тоқсан

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

 

2.

«Халықтық IPO» бағдарламасын іске асыру барысы туралы» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

 

II тоқсан

Қаржы және бюджет комитеті

3.

«Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы аясында Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық жерлерін пайдалану жағдайы және жер ресурстарын басқару заңнамасын жетілдіру» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

 

II тоқсан

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті

 

4.

«Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл: құқықтық мемлекет институттары және заң шығарушылық процесс» тақырыбына арналған конференция (Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын іске асыру аясында)

 

II тоқсан

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

5.

«Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту және оны заңнамалық қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

ІІІ тоқсан

Әлеуметтік-мәдени

даму және ғылым комитеті

 

6.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша іске асыру жөнінде дөңгелек үстел

IV тоқсан 

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті

7.

Қазақстан Республикасында экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл, ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша дөңгелек үстел

IV тоқсан 

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті

 

                                                                                                                                                                                                            

VI.  Сенат депутаттарының жергілікті өкілді органдармен байланысы

 

1.

Депутаттардың  халықпен кездесу үшін өңірлерге баруы

Тоқсан сайын

Сенат депутаттары

 

2.

Парламент Сенаты жанындағы Жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің және «Өңір» («Регион») депутаттық тобының жұмыс жоспарларына сәйкес жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жасау

Кеңестің және депутаттық топтың жоспарларына сәйкес

 

Сенат депутаттары

 

VII.  Сенат депутаттарының мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың  басшылығымен кездесулері

 

1.

Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2014-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде халықаралық шарттарды дайындау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің басшылығымен кездесу

I тоқсан

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті

 

2.

Салықтық және кедендік әкiмшiлендiру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасымен кездесу

 

 

 

I тоқсан

Қаржы және бюджет комитеті

3.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын іске асыру аясында шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау және іскерлік белсенділікті ынталандыру шараларының тиімділігін талқылау бойынша Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығымен кездесу

 

I тоқсан

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті

 

4.

Қазақстан Республикасында 12 жылдық білім беру моделіне дайындық және оны  енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрімен кездесу 

 

I тоқсан

Әлеуметтік-мәдени

даму және ғылым комитеті

 

5.

«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру және энергетика инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің және «КЕГОК» АҚ басшылығымен кездесу

II тоқсан  

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті

 

6.

Бітімгершілік қызмет саласында құқықтық қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басшылығымен кездесу

III тоқсан

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті

 

7.

Инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму  министрімен кездесу

 

IV тоқсан

Қаржы және бюджет комитеті

8.

«2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»  мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындылары және елдің денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар мен оны құқықтық қамтамасыз ету» тақырыбына Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрімен кездесу

IV тоқсан

Әлеуметтік-мәдени

даму және ғылым комитеті

 

VIII.  Сенат депутаттарының халықаралық және парламентаралық қызметі

 

1.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XIV отырысы

 

Маусым 

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

 

2.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезі

 

Маусым

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

 

3.

Парламент Сенаты Төрағасының шет елдерге ресми және жұмыс сапарлары (жеке кесте бойынша)

 

Жыл ішінде

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

4.

Қазақстан Республикасына шет мемлекеттер парламенттері басшыларының сапарлары (жеке кесте бойынша)

 

Жыл ішінде

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

5.

Парламент Сенатының Төрағасы мен депутаттарының шет мемлекеттер, шетел үкіметтері, парламенттері басшыларымен, халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен, Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық миссиялардың басшыларымен және басқа да көрнекті шетелдік саяси, рухани және қоғам қайраткерлерімен кездесулері  

 

Жыл ішінде

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

 

6.

Парламент Сенатының Төрағасы мен депутаттарының ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының, Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының, НАТО Парламенттік Ассамблеясының, «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» Парламенттік ынтымақтастық комитетінің, БҰҰ және Парламентаралық одақтың отырыстары мен форумдарына қатысуы

 

Жыл ішінде

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

 

7.

Парламент Сенатының Төрағасы мен депутаттарының Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының сессиялары мен іс-шараларына қатысуы

Жыл ішінде

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

 

8.

Парламент Сенатының Төрағасы мен депутаттарының ТМД Парламентаралық Ассамблеясы және ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңестерінің, Бюроларының, комиссияларының отырыстарына  және жалпы отырыстарына, сондай-ақ басқа да іс-шараларына қатысуы

 

Жыл ішінде

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

 

9.

Парламент Сенаты депутаттарының шет мемлекеттер парламенттерімен ынтымақтастық топтарының желісі бойынша сапарлары мен кездесулері

 

Жыл ішінде

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

 

10.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияның кезекті отырысы

 

Жыл ішінде

 

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

 

IX. Сенат депутаттарының бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысы

 

1.

Депутаттардың бұқаралық ақпарат құралдарында мақалаларының жариялануы мен сөз сөйлеуі

 

Жыл ішінде

Сенат депутаттары

 

 

_______________________________________________