2015 жылғы 7 қыркүйектегі

өзгерістермен

 

Қазақстан Республикасы

Парламенті Сенаты Бюросының

2014  жылғы  24  желтоқсандағы

№ 247-V СБ қаулысымен бекітілді

 

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының

іс-шаралар жоспары

 

Іс-шаралардың атауы

Мерзімдері

Жауаптылар

 

I. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын заңнамалық қамтамасыз ету

 

1.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға бағытталған заң жобаларын қарау

 

Сенатқа келіп түсуіне қарай

Бас комитеттер, Сенат Аппараты

 

II. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіруге және насихаттауға бағытталған іс-шаралар

 

1.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру және насихаттау мақсатында  Сенат депутаттарының өңірлерге шығуы

 

Жеке кесте бойынша және тоқсан сайын

 

Сенат депутаттары, Сенат Аппараты

2.

Депутаттардың өңірлерге шығуына ақпараттық-талдамалық материалдар дайындау

 

Тоқсан сайын

 

Сенат Аппараты

3.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіруге және насихаттауға бағытталған Сенат депутаттарының мақалаларын, сұхбаттары мен басқа да материалдарын орталық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Жеке Медиа-жоспар

бойынша

 

Сенат депутаттары, Сенат Аппараты

4.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін жұмысына Сенат депутаттары қатысатын парламентаралық және халықаралық ұйымдардың мінберлері арқылы түсіндіру

 

Жыл ішінде

 

Сенат депутаттары, Сенат Аппараты

 

III. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына  Жолдауын  нақты іске асыру мәселелерін зерделеуге бағытталған іс-шаралар

 

 

Үкіметтік сағат:

1.

***

Алып тасталды.

 

 

 

Комитеттердің көшпелі іс-шаралары:

1.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын іске асыру аясында индустриялық инфрақұрылымды қалыптастыру және «Қазфосфат» ЖШС мен «Тараз химия паркі» арнайы экономикалық аймағы үлгісінде химия өнеркәсібі жобаларын іске асыру мәселелері бойынша Комитеттің Жамбыл облысындағы көшпелі отырысы

 

II тоқсан

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті

 

Конференциялар:

1.*

«Қазақ хандығының 550 жылдығы – қазақ мемлекеттілігі тарихының тағдырлы кезеңі» тақырыбына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция

 

I тоқсан

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

2.*

«Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл: құқықтық мемлекет институттары және заң шығарушылық процесс» тақырыбына арналған конференция (Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын іске асыру аясында)

 

II тоқсан

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

3.

***

Алып тасталды.

 

 

 

Дөңгелек үстелдер:

1.

«Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы аясында Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық жерлерін пайдалану жағдайы және жер ресурстарын басқару заңнамасын жетілдіру» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

 

II  тоқсан

 

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті

 

2.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша іске асыру жөнінде дөңгелек үстел

 

IV  тоқсан

 

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті

 

Мемлекеттік органдардың басшыларымен кездесулер:

1.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын іске асыру аясында шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау және іскерлік белсенділікті ынталандыру шараларының тиімділігін талқылау бойынша Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығымен кездесу

 

тоқсан

 

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті

2.*

Алып тасталды.

 

 

 

3.

«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру және энергетика инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің және «КЕГОК» АҚ басшылығымен кездесу

 

II  тоқсан

 

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті

4.

***

Алып тасталды.

 

 

5.

***

Алып тасталды.

 

 

IV. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында қойылған сыртқы саяси міндеттерді іске асыруға бағытталған іс-шаралар

 

1.

Парламент Сенаты Төрағасының шет елдерге ресми және жұмыс сапарлары (жеке кесте бойынша)

 

Жыл ішінде

Сенат депутаттары

Сенат Аппараты

2.

Парламент Сенатының Төрағасы мен депутаттарының шет мемлекеттер, шетел үкіметтері, парламенттері басшыларымен, халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен, Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық миссиялардың басшыларымен және басқа да көрнекті шетелдік саяси, рухани және қоғам қайраткерлерімен кездесулері

 

Жыл ішінде

Сенат депутаттары

Сенат Аппараты

3.

Парламент Сенатының Төрағасы мен депутаттарының ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының, Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының, НАТО Парламенттік Ассамблеясының, «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» Парламенттік ынтымақтастық комитетінің, БҰҰ және Парламентаралық одақтың отырыстары мен форумдарына қатысуы

 

Жыл ішінде

Сенат депутаттары

Сенат Аппараты

4.

Парламент Сенатының Төрағасы мен депутаттарының Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының сессиялары мен іс-шараларына қатысуы

 

Жыл ішінде

Сенат депутаттары

Сенат Аппараты

5.

Парламент Сенатының Төрағасы мен депутаттарының ТМД Парламентаралық Ассамблеясы және ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңестерінің, Бюроларының, комиссияларының отырыстарына  және жалпы отырыстарына, сондай-ақ басқа да іс-шараларына қатысуы

Жыл ішінде

Сенат депутаттары

Сенат Аппараты

6.

Парламент Сенатының Төрағасы мен депутаттарының халықаралық отырыстар мен форумдарға қатысу үшін сапарлары

 

Жыл ішінде

Сенат депутаттары

Сенат Аппараты

7.

Парламент Сенаты депутаттарының шет мемлекеттер парламенттерімен ынтымақтастық топтарының желісі бойынша сапарлары мен кездесулері

 

Жыл ішінде

Сенат депутаттары

Сенат Аппараты

 

* - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Бюросының 2015 жылғы               2 ақпандағы № 255-V СБ қаулысымен бекітілді.

 

** - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Бюросының 2015 жылғы               1 маусымдағы № 288-V СБ қаулысымен бекітілді.

 

*** - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Бюросының 2015 жылғы               7 қыркүйектегі № 306-V СБ қаулысымен бекітілді.