Қазақстан Республикасы

Парламенті Сенаты Бюросының

2018 жылғы 24 желтоқсандағы

№ 259 -VI СБ қаулысымен

бекітілді

 

Қазақстан Республикасы

Парламенті Сенаты Бюросының

2019 жылғы  21 қаңтардағы № 266-VI CБ,

 20 ақпандағы № 274-СБ, 14 наурыздағы № 281-СБ,

1 сәуірдегі № 289-СБ, 22 сәуірдегі № 295-СБ, 27 мамырдағы № 307-СБ

қаулыларымен  өзгерістер мен толықтырулар енгізілген

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының  2019 жылға арналған негізгі іс-шаралар

ЖОСПАРЫ

 

Рет №

Іс-шаралардың атаулары

Өткізу мерзімі

 

Жауаптылар

 

І. Сенат депутаттарының Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларын іске асыруға қатысуы

 

1.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын іске асыруға бағытталған заң жобаларын қарау

Сенатқа келіп түсуіне қарай

Бас комитеттер

2.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың  Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын насихаттау

Жыл ішінде

Сенат депутаттары

 

. Сенат депутаттарының заң шығарушылық қызметі

 

1.

Заң шығару бастамасы құқығының субъектілері бастамашылық жасаған және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған заң жобаларын қарау

Конституциялық мерзімдерде,

Сенатқа келіп түсуіне қарай

Бас комитеттер

2.

Парламент депутаттары бастамашылық жасайтын заң жобаларымен жұмыс

Жыл ішінде

Сенат депутаттары

 

 

III. Парламенттік тыңдаулар

 

1.

***

 

Алып тасталды

 

 

******

«Заң шығару процесін одан әрі жетілдіру»  тақырыбына арналған парламенттік тыңдау

III тоқсан

 

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

2.

******

«Құқық қорғау қызметінде кадрларды іріктеу, даярлау және мансаптық ілгерілету тәртібі саласындағы заңнаманы жетілдіру және «Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасын» іске асыру» тақырыбындағы парламенттік тыңдау

IV тоқсан

 

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

 

 

IV. Үкімет сағаттары

 

1.

«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы аясында Еуразиялық экономикалық одақтағы Қазақстан Республикасының сауда саясатын іске асыру мәселелері туралы үкімет сағаты

I тоқсан

 

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті

***

1-1

 

«Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау бойынша берген тапсырмаларының орындалуы туралы» тақырыбына арналған үкімет сағаты

I тоқсан

 

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

2.

****

 

«Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттер аясында мүмкіндігі шектеулі адамдарды қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мәселелері бойынша 2018 жылғы 18 қыркүйекте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрімен болған кездесуде қабылданған ұсынымдарды орындау мәселесі туралы»  тақырыбына арналған үкімет сағаты

II тоқсан

 

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

3.

«Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан Халқына Жолдауын іске асыру аясында Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын жетілдіру, сондай-ақ елді мекендерде        100 дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу, спорттық инфрақұрылымды пайдаланудың тиімділігін арттыру және балаларға арналған спорттық кешендер мен ғимараттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбына арналған үкімет сағаты

II тоқсан

 

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

4.

Орман шаруашылығы мен  ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету және «Қазақстан Республикасында биологиялық алуантүрліліктің сақталуын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбындағы 2016 жылғы 18 қарашадағы Парламенттік тыңдаулар ұсынымдарының іске асырылу мәселелері бойынша үкімет сағаты

II тоқсан

 

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті

5.

«Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында денсаулық сақтау саласындағы міндеттер туралы және 2018 жылғы             6 сәуірде «Үздік денсаулық сақтау ісі – дені сау ұлт» тақырыбында өткен парламенттік тыңдау ұсынымдарының іске асырылу қорытындылары туралы»  тақырыбына арналған үкімет сағаты

IV тоқсан

 

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

 

V. Сенат комитеттерінің көшпелі іс-шаралары

 

1.

******

Комитет мүшелерінің Елдің аумақтық-кеңістікті дамуының болжамды схемасын әзірлеу мен іске асыру, сондай-ақ индустрияландыру және жаңа технологияларды енгізу аясында ядролық өнеркәсіп саласындағы заманауи технологияларды дамыту мәселелері бойынша Түркістан облысына сапары

IІІ тоқсан

 

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті

2.

******

Комитет мүшелерінің аграрлық ғылымның дамуы, мамандарды даярлау және Қазақстан Республикасының 2017 - 2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу мәселелері бойынша Алматы облысы мен Алматы қаласына сапары

IІІ тоқсан

 

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті

3.

Инвестициялық ахуалды дамыту: өңдеуші өнеркәсіп саласына стратегиялық инвесторларды тарту және экономиканың басым секторларында «зәкірлік инвесторлармен» бірлескен кәсіпорындар құру мәселесі бойынша комитет мүшелерінің Атырау облысына сапары

IІ тоқсан

 

Қаржы және бюджет комитеті

 

4.

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жетілдіру мәселесін қарау бойынша Комитет мүшелерінің Батыс Қазақстан облысына сапары

IІ тоқсан

 

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

5.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институтына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ш. Уәлиханов атындағы Кадет корпусына және Көкшетау қаласының өртке қарсы күрес бөлімдеріне бару

(Өткізілетін орны: Көкшетау және Щучинск қалалары)

ІІІ тоқсан

 

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті

6.

Экономикалық қылмыстарға қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша Комитет мүшелерінің сапары (Астана қаласы)

 

IV тоқсан

 

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

 

VI. Дөңгелек үстелдер, конференциялар  және  Сенат депутаттарының басқа да іс-шаралары

 

1.

 

«7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үй кредитін беру бағдарламасы бойынша әлеуметтік тұрғын үй сатып алу мүмкіндіктерін кеңейту» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

I тоқсан

 

 

Қаржы және бюджет комитеті

 

 

1-1

*

«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру және Жастар жылын өткізу аясында мемлекеттік органдардың, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың алдында тұрған міндеттер туралы»  тақырыбына арналған дөңгелек үстел

 

I тоқсан

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

 

2.

«Ветеринарлық қауіпсіздік жағдайы және оның заңнамалық қамтамасыз етілуі» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

 

I тоқсан

 

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті

3.

«Бағалы қағаздар нарығы туралы заңнаманы жетілдіру және "Астана" халықаралық қаржы орталығының жұмыс істеуі аясында Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығының жаңа мүмкіндіктері» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

IІ тоқсан

 

Қаржы және бюджет комитеті

 

3-1

*****

«Мүмкіндігі шектеулі балаларды құқықтық және әлеуметтік қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру туралы»  тақырыбына арналған дөңгелек үстел

IІ тоқсан

 

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

 

4.

«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын іске асыру шеңберінде ел экономикасын тиімді дамытуды қамтамасыз ету аясындағы көліктік-логистикалық қызметтердің келешегі» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

IІ тоқсан

 

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті

5.

******

Мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері  бойынша дөңгелек үстел

 

 

IV тоқсан

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті

6.

«Цифрландыру және оңтайландыру арқылы бюджет процесін басқарудың тиімділігін арттыру» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

ІІІ тоқсан

 

Қаржы және бюджет комитеті

7.

«Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының іске асырылу барысы және оны одан әрі жетілдіру туралы» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

 

IV тоқсан

 

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

8.

Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған тапсырмалар аясында Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі және орта білім беру мәселелері бойынша заңнамасын одан әрі жетілдіру» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

IV тоқсан

 

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

 

 

9.

Мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша дөңгелек үстел

 

IV тоқсан

 

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік, Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеттері

 

VII.  Сенат депутаттарының жергілікті өкілді органдармен байланысы

1.

 Депутаттардың халықпен кездесу үшін өңірлерге баруы

Қажеттілігіне қарай

Сенат депутаттары

 

2.

Парламент Сенаты жанындағы Жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің және «Өңір» депутаттық тобының жұмыс жоспарларына сәйкес жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жасау

Кеңестің және депутаттық топтың жоспарларына сәйкес

Сенат депутаттары

 

VIII.  Сенат депутаттарының мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың  басшылығымен кездесулері

1.

**

 

Алып тасталды

 

 

2.

Азаматтық қорғаныс (судағы қауіпсіздік, көктемгі су тасқынына дайындық) мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесу

 

I тоқсан

 

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті

3.

 

«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы аясында табиғи монополиялар субъектілерін реттеу, баға белгілеу тәртібі және инвестициялық міндеттемелерді мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика министрлігінің басшылығымен кездесу

I тоқсан

 

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті

 

4.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын орындау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасында өз қызметін жүзеге асыратын жеке және халықаралық мектептердің басшылығымен кездесу

I тоқсан

 

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

5.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын іске асыру мәселелері бойынша желгілікті атқарушы және өкілді органдардың басшылығымен кездесу

(Өткізілетін орны: Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты)

IІ тоқсан

 

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік  комитеттері, «Өңір» депутаттық тобы

6.

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС басшылығымен кездесу

(«Астана – Жаңа қала» АЭА)

 

IІ тоқсан

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті

7.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының басшылығымен Орталық сотының қызметі мәселелері бойынша кездесу

 

IІ тоқсан

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

8.

Құқық қорғау қызметінде кадрларды іріктеу, даярлау және мансаптық ілгерілету тәртібі саласындағы заңнаманы жетілдіру және «Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасын» іске асыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің басшылығымен кездесу

IІІ тоқсан

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

9.

******

Алып тасталды

 

 

10.

Салықтық және кедендік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрімен кездесу

IV тоқсан

 

Қаржы және бюджет комитеті

11.

«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде қайта өңдеу салаларын дамыту («қарапайым заттардың экономикасы») және өңірлік нарықтарда қазақстандық тауарларды ілгерілету мәселелері бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың басшылығымен кездесу

IV тоқсан

 

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті

12.

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың аралық нәтижелері мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығымен  кездесу

 

IV тоқсан

 

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті

 

IX.  Сенат депутаттарының халықаралық және парламентаралық қызметі

 

1.

Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесі Халықаралық істер, Қорғаныс және қауіпсіздік комитеттерінің мүшелерімен парламентаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесу

(Өткізілетін орны: Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты)

I тоқсан

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті

2.

*****

«Балаға мейірімді Азия» (құқықтық аспектілер) тақырыбына арналған халықаралық конференция

 

IV тоқсан

 

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті  (ЮНИСЕФ және ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп)

3.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Cъезі Хатшылығының XVIIІ отырысы

Қыркүйек

Сенат Аппараты

 

4.

Парламент Сенаты Төрағасының шет елдерге ресми және жұмыс сапарлары (жеке кесте бойынша)

Жыл ішінде

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

5.

Қазақстан Республикасына шет мемлекеттер парламенттері басшыларының сапарлары (жеке кесте бойынша)

Жыл ішінде

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

6.

Парламент Сенатының Төрағасы мен депутаттарының шет мемлекеттер, шетел үкіметтері, парламенттері басшыларымен, халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен, Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық миссиялардың басшыларымен және басқа да көрнекті шетелдік саяси, рухани және қоғам қайраткерлерімен кездесулері

Жыл ішінде

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

 

7.

Парламент Сенатының Төрағасы мен депутаттарының ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының, Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының, НАТО Парламенттік Ассамблеясының, «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» Парламенттік ынтымақтастық комитетінің, БҰҰ және Парламентаралық одақтың отырыстары мен форумдарына қатысуы

Жыл ішінде

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

 

8.

Парламент Сенатының Төрағасы мен депутаттарының Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының сессиялары мен іс-шараларына қатысуы

Жыл ішінде

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

9.

Парламент Сенатының Төрағасы мен депутаттарының ТМД Парламентаралық Ассамблеясы және ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңестерінің, Бюроларының, комиссияларының отырыстарына  және жалпы отырыстарына, сондай-ақ басқа да іс-шараларына қатысуы

Жыл ішінде

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

 

10.

Парламент Сенаты депутаттарының шет мемлекеттер парламенттерімен ынтымақтастық топтарының желісі бойынша сапарлары мен кездесулері

Жыл ішінде

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

11.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияның кезекті отырыстары

Жыл ішінде

 

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

 

Х. Сенат депутаттарының бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысы

 

1.

Бұқаралық ақпарат құралдарында депутаттар мақалаларының жариялануы мен сөз сөйлеуі

 

Жыл ішінде

Сенат депутаттары

 

* - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Бюросының 2019 жылғы  21 қаңтардағы № 266-VI CБ  қаулысымен толықтыру енгізілген     

       

** - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Бюросының 2019 жылғы 20 ақпандағы № 274-VI CБ  қаулысымен өзгеріс енгізілген                                                

 

*** - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Бюросының 2019 жылғы 14 наурыздағы № 281-VI CБ  қаулысымен өзгеріс пен толықтыру енгізілген                                                

                       

****- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Бюросының 2019 жылғы 1 сәуірдегі № 289-VI CБ  қаулысымен өзгеріс енгізілген                                                 

 

*****- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Бюросының 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 295-VI CБ  қаулысымен толықтыру мен өзгеріс енгізілген         

                                      

******- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Бюросының 2019 жылғы 27 мамырдғы № 307-VI CБ  қаулысымен өзгерістер мен толықтыру енгізілген