Қазақстан Республикасы

                                                                                Парламенті Сенаты Бюросының

                                                                                2021 жылғы 25 қаңтардағы

                                                                              № 6-VIІ СБ қаулысымен

                                                                                бекітілді

 

                                                                                                                                                                                                   (Қазақстан Республикасы

                                                                                Парламенті Сенаты Бюросының

                                                                                2021 жылғы 22 маусымдағы

                                                                              № 56-VIІ СБ қаулысымен

                                                                                бекітілген өзгерістермен)

 

 

VII шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламентінің I сессиясына арналған

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының негізгі іс-шаралар жоспары

 

Рет №

Іс-шаралардың атаулары

Өткізу мерзімі

 

Жауаптылар

 

І. Заң шығарушылық қызмет

 

1.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бағытталған заң жобаларын қарау

Сенатқа келіп түсуіне қарай

Бас комитеттер

2.

Заң шығару бастамасы құқығының субъектілері бастамашылық жасаған және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған заң жобаларын қарау

Сенатқа келіп түсуіне қарай

Бас комитеттер

3.

Парламент депутаттары бастамашылық жасайтын заң жобаларымен жұмыс

Сессия ішінде

Сенат депутаттары

4.

«Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу

IІ  тоқсан

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті

 

 

II. Парламенттік тыңдаулар

 

1.

 

 «Жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу – кешенді жаңғырудың негізі» тақырыбына арналған парламенттік тыңдау

тоқсан

 

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

 

IІІ. Үкімет сағаттары

 

1.

 

«Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік саясатын заңнамалық реттеу: жай-күйі, проблемалары және шешу жолдары» тақырыбына арналған үкімет сағаты

I тоқсан

 

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті

2.

«Полицияның сервистік моделін заңнамалық қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігін бейінді емес функциялардан босату» тақырыбына арналған үкімет сағаты

I тоқсан

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

3.

«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың
2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру  туралы» тақырыбына арналған үкімет сағаты

II тоқсан

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті

 

ІV. Комитеттердің көшпелі іс-шаралары

 

1.

Депутаттардың өңірлерге сапары

Тоқсан сайын

Сенат депутаттары

2.

Пенитенциарлық жүйе мәселелері бойынша Комитет мүшелерінің Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне сапары

I тоқсан

 

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

3.

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 - 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және индустриялық аймақтарды дамыту мәселелері бойынша Комитеттің Ақтөбе облысындағы көшпелі отырысы

II тоқсан

 

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті

4.

Суармалы жерлерді тиімді пайдалану мәселелері бойынша Комитеттің Түркістан облысындағы көшпелі отырысы

II тоқсан

 

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті

5.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары – 30 жыл Тәуелсіздік күзетінде» тақырыбына арналған Комитеттің Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясындағы көшпелі отырысы (Алматы қаласы)

 

II тоқсан

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті

 

V. Конференциялар, дөңгелек үстелдер және комитеттердің отырыстары

 

1.

«Сақтандыру нарығының даму болашағы. Өмірді сақтандыруды реттеу және дамыту бағыттары» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

 

І тоқсан

Қаржы және бюджет комитеті

2.

«Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі: қазіргі жай-күйі және өнімділігі жоғары бизнесті дамыту перспективалары» тақырыбында өткен
2020 жылғы 4 наурыздағы парламенттік тыңдауда қабылданған ұсынымдардың іске асырылу қорытындылары туралы» тақырыбына арналған Комитеттің кеңейтілген отырысы

IІ тоқсан

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті

3.

«Ұлт құндылықтарын сақтау мен нығайту – тәуелсіз елдің кемел болашағы» тақырыбына арналған парламенттік тыңдауға дайындық аясындағы «Азаттық жолындағы ақтаңдақтар: ашаршылық зардаптарына шынайы тарихи көзқарас» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

І тоқсан

 

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

4.

Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының, азаматтардың өмірі мен денсаулығына ықтимал қауіп төндіретін жаңа синтетикалық заттардың заңсыз айналымына қарсы
іс-қимыл: өзекті проблемалар және заңнаманы жетілдіру жөніндегі шаралар мәселелері бойынша Комитет отырысы

I тоқсан

 

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

5.

«Қазақстан Республикасында органикалық өнімдердің өндірісін заңнамалық реттеу» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

 

I тоқсан

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті

6.

«Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы» тақырыбына арналған Комитет отырысы

I тоқсан

 

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті

7.

Сот жүйесі туралы заңнаманы одан әрі жетілдіру мәселесі жөніндегі Комитет отырысы

I тоқсан

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

8.

«Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының іске асырылуы туралы» тақырыбына арналған мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен Комитеттің кеңейтілген отырысы

 

I тоқсан

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті

9.

«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде іске асырылу барысы туралы Комитеттің кеңейтілген отырысы

 

I тоқсан

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті

10.

«Тұрғын үй-коммуналдық дамудың мемлекеттік бағдарламаларын жетілдіру және оларды іске асырудың кейбір мәселелері туралы» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

 

IІ тоқсан

 

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті

11.

«Қазақстан Республикасындағы инновациялық даму: жай-күйі, проблемалары және құқықтық реттелуі» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

II тоқсан

 

 

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті

12.

«Квазимемлекеттік сектор: бюджет қаражатын пайдаланудың және активтерді басқарудың тиімділігі» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

ІІ тоқсан

 

Қаржы және бюджет комитеті

13.

Мемлекеттік органдар мен соттардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауы: проблемалар және заңнамалық реттеу мәселесі жөніндегі Комитет отырысы

II тоқсан

 

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

14.

«Қазақстан Республикасының шекара саясаты – нормативтік құқықтық реттеудің жай-күйі мен перспективалары» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

ІІ тоқсан

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті

15.

«Жаңа жағдайдағы экономикалық даму: Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты және құқықтық реттеуді жетілдіру» тақырыбында өткен 2020 жылғы 4 желтоқсандағы парламенттік тыңдауда қабылданған ұсынымдардың іске асырылу барысы туралы» тақырыбына арналған Комитеттің кеңейтілген отырысы

ІІ тоқсан

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті

16.

«Ауылдық аумақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың жай-күйі және оларды теңгерімді дамыту перспективалары туралы» тақырыбында өткен парламенттік тыңдаудың қорытындысы бойынша қабылданған ұсынымдарды іске асыру барысы туралы» тақырыбына арналған, мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен Комитеттің кеңейтілген отырысы

ІІ тоқсан

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті

17.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасында суицид пен буллингтің алдын алу мәселелері жөніндегі комитеттің отырысы

 

ІІ тоқсан

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

18.

«Қазақстандағы Омбудсмен институты: проблемалары мен перспективалары» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

 

 

ІІ тоқсан

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті

 

VI. Мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың басшылығымен кездесулер

 

1.

Жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау тәсілдерін жетілдіру мәселелері бойынша, сондай-ақ Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің оларды қалыптастыру жөніндегі аудит қорытындылары туралы мүдделі мемлекеттік органдармен кездесу

I  тоқсан

 

Қаржы және бюджет комитеті

2.

«Отбасы банк» – Қазақстанның тұрғын үй саясатын дамыту институты. Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану бойынша оператордың функциялары» тақырыбында мемлекеттік органдардың және «Отбасы банктің» өкілдерімен кездесу

I  тоқсан

 

Қаржы және бюджет комитеті

3.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан:
іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің жобасын әзірлеу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрімен кездесу

ІI  тоқсан

 

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

4.

«Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын іске асыру және «Ұлт құндылықтарын сақтау мен нығайту – тәуелсіз елдің кемел болашағы» тақырыбына арналған парламенттік тыңдауға дайындық шеңберінде  архивтер мен кітапхана қорының жай-күйі, қолжазбаларды, сирек кітаптар мен бағалы құжаттарды цифрландыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрімен кездесу

I  тоқсан

 

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

5.

«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі: құқықтық аспектілері және даму басымдықтары» тақырыбында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің басшылығымен кездесу 

I  тоқсан

 

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті

6.

Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік саясатын заңнамалық реттеу: жай-күйі, мәселелері және шешу жолдары» тақырыбы бойынша Үкімет сағатына дайындық шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің басшылығымен, сондай-ақ «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен және сарапшылармен кездесу

І тоқсан

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті

7.

Салық саясаты және салықтық әкімшілендіруді жетілдіру мәселелері бойынша Комитет мүшелерінің Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерінің басшылығымен, сондай-ақ «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен кездесуі

II тоқсан

Қаржы және бюджет комитеті

 

8.

Қазақстан Республикасындағы зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелерін талқылау бойынша Ұлттық зияткерлік меншік институтының басшылығымен кездесу

II тоқсан

 

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

9.

Қылмыстық процестің үш буынды моделін ендіру мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының басшылығымен кездесу

II тоқсан

 

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

10.

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған ұлттық жобасын әзірлеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығымен кездесу

IІ тоқсан

 

Аграрлық мәселелер, табиғат пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті

11.

Ветеринария және осы салада мамандар дайындау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығымен кездесу

II тоқсан

Аграрлық мәселелер, табиғат пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті

 

VII. Халықаралық және парламентаралық қызмет

 

1.

Парламент Сенаты Төрағасының шетелдерге ресми және жұмыс сапарлары (жеке кесте бойынша)

Сессия ішінде

Сенат депутаттары

Сенат Аппараты

2.

Қазақстан Республикасына шет мемлекеттер парламенттері басшыларының сапарлары (жеке кесте бойынша)

Сессия ішінде

Сенат депутаттары

Сенат Аппараты

3.

Парламент Сенатының Төрағасы мен депутаттарының шетел үкіметтері, парламенттері басшыларымен, халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен, Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық миссиялардың басшыларымен және басқа да көрнекті шетелдік саяси, рухани және қоғам қайраткерлерімен кездесулері

Сессия ішінде

Сенат депутаттары

Сенат Аппараты

4.

Парламент Сенатының Төрағасы мен депутаттарының ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының, Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының, НАТО Парламенттік Ассамблеясының, «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» парламенттік ынтымақтастық комитетінің және Парламентаралық Одақтың сессиялары мен
іс-шараларына қатысуы

Сессия ішінде

Сенат депутаттары

Сенат Аппараты

5.

Парламент Сенаты депутаттарының Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының сессиялары мен іс-шараларына қатысуы

Сессия ішінде

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

6.

Парламент Сенатының Төрағасы мен депутаттарының ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы Кеңестерінің, Бюроларының, комиссияларының отырыстарына және жалпы отырыстарына, сондай-ақ басқа да іс-шараларына қатысуы

Сессия ішінде

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

7.

Парламент Сенатының Төрағасы мен депутаттарының ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңестерінің, Бюроларының, комиссияларының отырыстарына және жалпы отырыстарына,
сондай-ақ басқа да іс-шараларына қатысуы

Сессия ішінде

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

 

8.

Парламент Сенаты депутаттарының шет мемлекеттер парламенттерімен ынтымақтастық топтарының желісі бойынша сапарлары мен кездесулері

Сессия ішінде

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

9.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесі арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның отырыстары

Сессия ішінде

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

10.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісінің Сенаты арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның отырысы

Сессия ішінде

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты