Қазақстан Республикасы

                                                               Парламенті Сенаты Бюросының

                                                              2021 жылғы 6 қыркүйектегі

                                                              № 59-VIІ СБ қаулысымен

                                                                 бекітілді

                                                                                                                                                                         (Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты

                                                                                                                                                                          Бюросының 2022 жылғы 24 қаңтардағы

                                                                                                                                                                           № 112-VIІ СБ, 9 ақпандағы № 120-VIІ СБ,

                                                                                                                                                                           1 наурыздағы № 130-VIІ CБ, 16 наурыздағы
                                                                                                                                                                           
№ 138-VIІ CБ, 11 сәуірдегі № 143-VIІ CБ және
                                                                                                                                                                          7 маусымдағы
№ 163-VIІ CБ  қаулыларымен
                                                                                                                                                                          бекітілген өзгерістермен және толықтырулармен)

 

VII шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламентінің IІ сессиясына арналған

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының негізгі іс-шаралар жоспары

 

Рет №

Іс-шаралардың атаулары

Өткізу мерзімі

Жауаптылар

 

І. Заң шығарушылық қызмет

 

1.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында берген «Қасіретті қаңтар» сабағы: қоғам тұтастығы – тәуелсіздік кепілі» атты тапсырмаларын, ұлттық жобалар мен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бағытталған заң жобаларын қарау

Сенатқа келіп түсуіне қарай

Бас комитеттер

1-1.****

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға бағытталған заң жобаларын қарау

Сенатқа келіп түсуіне қарай

Бас комитеттер

2.

Заң шығару бастамасы құқығының субъектілері бастамашылық жасаған және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған заң жобаларын қарау

Сенатқа келіп түсуіне қарай

Бас комитеттер

3.

Парламент депутаттары бастамашылық жасайтын заң жобаларымен жұмыс

Сессия ішінде

Сенат депутаттары

4.

«Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын және ілеспе заң жобаларын Парламент Мәжілісіне енгізу

2021 жылғы

ІIІ  тоқсан

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті

5.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарындағы қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын және ілеспе заң жобасын әзірлеу

2021 жылғы

Ітоқсан

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті

6.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Парламент Мәжілісіне енгізу

2021 жылғы

Ітоқсан

Қаржы және бюджет комитеті

7.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу

2021 жылғы

Ітоқсан

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті

8.

 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу

2022 жылғы

І тоқсан

 

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

9.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын және ілеспе заң жобаларын Парламент Мәжілісіне енгізу

2022 жылғы

І  тоқсан

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

10.

Органикалық өнімдерді өндіру және олардың айналымы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Парламент Мәжілісіне енгізу

2022 жылғы

І  тоқсан

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті

11.*

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын және ілеспе заң жобаларын Парламент Мәжілісіне енгізу

2022 жылғы

ІІ  тоқсан

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

 

II. Парламенттік тыңдаулар

 

1.

 

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде «Ауыл шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары» тақырыбына арналған парламенттік тыңдау

2021 жылғы

Ітоқсан

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті

2.****

«Жаңа Қазақстан: жастар және жаңғыру» тақырыбына арналған парламенттік тыңдау

2022 жылғы

II тоқсан

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

 

IІІ. Үкімет сағаттары

 

1.

 

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде «Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі саудасы салаларындағы заңнамалық базаны жетілдіру мен тиімді саясатты іске асыру» тақырыбына арналған үкімет сағаты

2021 жылғы

ІV  тоқсан

 

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті

2.

«Қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету: талдау, болжамдар және ұсыныстар» тақырыбына арналған үкімет сағаты

2021 жылғы

Ітоқсан

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті

3.*

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Бюросының
2022 жылғы 9 ақпандағы № 120-VIІ СБ қаулысымен алып тасталды

 

 

4.***

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Бюросының
2022 жылғы 16 наурыздағы № 138-VIІ СБ қаулысымен алып тасталды

 

 

5.**

«Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы теңгерімсіздіктерді азайту мақсатында бюджетаралық қатынастарды жетілдіру» тақырыбына арналған үкімет сағаты

2022 жылғы

І  тоқсан

Қаржы және бюджет комитеті

6.****

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде «Қазақстан Республикасының өңірлерін газдандыру: қазіргі жай-күйі, проблемалар және оларды шешу жолдары» тақырыбына арналған үкімет сағаты

2022 жылғы

ІІ  тоқсан

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті

 

ІV. Комитеттердің көшпелі іс-шаралары

 

1.

Депутаттардың өңірлерге сапары

Тоқсан сайын

Сенат депутаттары

2.

«Қазақстанның ішкі туризмін дамыту – уақыт талабы» тақырыбына арналған парламенттік тыңдауға дайындық шеңберінде туризмді дамыту, тарихи-мәдени мұраны сақтау мәселелері бойынша Комитеттің Маңғыстау облысындағы көшпелі отырысы

2021 жылғы

ІІІ  тоқсан

 

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

3.

Ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету, кеден ісі саласындағы электрондық сүйемелдеу және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру  мәселелері бойынша  Комитет мүшелерінің  Алматы облысына сапары («Нұр Жолы» кедендік бақылау-өткізу пункті)

2021 жылғы

ІІІ  тоқсан

 

Қаржы және бюджет комитеті

4.

Заң білімінің сапасын арттыру мәселесі бойынша Комитеттің көшпелі отырысы (Қарағанды қ.)

2021 жылғы

ІІІ  тоқсан

 

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

5.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау шеңберінде тұрғын үй құрылысы саласындағы заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай ұлттық бағдарламаны әзірлеу мәселелері бойынша Комитет мүшелерінің Түркістан облысына сапары

2021 жылғы

ІV  тоқсан

 

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті

6.**

Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы теңгерімсіздіктерді азайту мақсатында бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселелері бойынша  Комитет мүшелерінің  Жамбыл облысына сапары

2022 жылғы

ІІ  тоқсан

Қаржы және бюджет комитеті

7.***

Заң білімінің сапасын арттыру жөніндегі үкіметтік ведомствоаралық жұмыс тобы жұмысының қорытындысы бойынша Комитеттің көшпелі отырысы (Алматы қ.)

2022 жылғы

ІІ тоқсан

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

8.*****

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Бюросының
2022 жылғы 7 маусымдағы № 163-VIІ СБ қаулысымен алып тасталды

 

 

9.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау шеңберінде көлік инфрақұрылымын дамыту және Бизнестің жол картасы, Қарапайым заттар экономикасы бағдарламаларын іске асыру мәселелері бойынша  Комитет мүшелерінің  Батыс Қазақстан облысына сапары

2022 жылғы

ІІ тоқсан

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті

10.

Ауыл шаруашылығы кәсіпкерлігін және кооперацияны дамыту мәселелері бойынша Комитеттің Шығыс Қазақстан облысындағы көшпелі отырысы

2022 жылғы

ІІ тоқсан

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті

11.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мәселелері бойынша Комитет мүшелерінің Алматы облысына сапары

2022 жылғы

ІІ тоқсан

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

 

V. Конференциялар, дөңгелек үстелдер және комитеттердің отырыстары

 

1.

«Қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы проблемалық мәселелер туралы» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

 

2021 жылғы

ІV  тоқсан

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті

2.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан:
іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде отандық химия өнеркәсібін дамыту, сондай-ақ «Еліміздің кіріс әкелетін саласы ретінде химия өнеркәсібін дамытудың ағымдағы жай-күйі және перспективалары туралы» тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысында қабылданған ұсынымдардың орындалуы мәселелері бойынша Комитеттің кеңейтілген отырысы

2021 жылғы

ІV  тоқсан

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті

3.

«Жаңа жағдайдағы экономикалық даму: Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты және құқықтық реттеуді жетілдіру» тақырыбына арналған парламенттік тыңдауда қабылданған ұсынымдардың іске асырылу барысы туралы» тақырыбына арналған Комитет отырысы

2021 жылғы

ІV  тоқсан

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті

4.

Заң білімінің сапасын арттыру мәселесі бойынша Комитет отырысы

2021 жылғы

ІV  тоқсан

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

5.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде «Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қызметті заңнамалық тұрғыдан реттеу, кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

 

2021 жылғы

ІV  тоқсан

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

 

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы
Жас сарапшылар клубы

6.

«Қазақстандық отбасы: ұлт негізі» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

2021 жылғы

ІV  тоқсан

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

7.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері: идеологиялық, әскери-патриоттық және тәрбие жұмысы» тақырыбына арналған Қорғаныс министрлігінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығындағы Комитет отырысы

2021 жылғы

ІV  тоқсан

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті

8.

«Техникалық реттеудің және стандарттаудың мемлекеттік жүйесінің заңнамалық базасын жетілдіру: проблемалары мен перспективалары» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

2021 жылғы

ІV  тоқсан

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті

9.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында берген «Қасіретті қаңтар» сабағы: қоғам тұтастығы – тәуелсіздік кепілі» атты тапсырмаларын іске асыру шеңберінде қару-жарақ пен арнаулы құралдардың айналымын реттеу мәселесі бойынша Комитеттің кеңейтілген отырысы

2022 жылғы

І  тоқсан

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

10.

Қазақстанда шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі мәселелері бойынша Комитеттің кеңейтілген отырысы

2022 жылғы

І  тоқсан

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті

11.*****

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Бюросының
2022 жылғы 7 маусымдағы № 163-VIІ СБ қаулысымен алып тасталды

12.

«Ұлттық төлем жүйесін ендіру. Цифрлық теңге – күтілетін нәтижелер және дамыту перспективалары» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

2022 жылғы

І  тоқсан

Қаржы және бюджет комитеті

13.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде «Цифрландыру технологияларын, Жерді ғарыштан мониторингтеу мен қашықтан зондтауды ауыл шаруашылығына ендіру мәселелері» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

2022 жылғы

І  тоқсан

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті

14.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша Комитет отырысы

2022 жылғы

І  тоқсан

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

15.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында берген «Қасіретті қаңтар» сабағы: қоғам тұтастығы – тәуелсіздік кепілі» атты тапсырмаларын іске асыру шеңберінде «Халықты жұмыспен қамтудың және жұмыссыздықты азайтудың өзекті мәселелері» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

2022 жылғы

I тоқсан

 

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

 

16.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында берген «Қасіретті қаңтар» сабағы: қоғам тұтастығы – тәуелсіздік кепілі» атты тапсырмаларын іске асыру шеңберінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде діни экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша Комитеттің кеңейтілген отырысы

2022 жылғы

І тоқсан

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

17.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде «Электр энергетикасы нарығын дамыту: үрдістер, проблемалар және оларды шешу жолдары» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

2022 жылғы

І тоқсан

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті

17-1.*

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында берген «Қасіретті қаңтар» сабағы: қоғам тұтастығы – тәуелсіздік кепілі» атты тапсырмаларын іске асыру шеңберінде «Сапалы білім – ұлттың кемел болашағының кепілі» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

2022 жылғы

I тоқсан

 

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

 

18.****

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Бюросының
2022 жылғы 11 сәуірдегі № 141-VIІ СБ қаулысымен алып тасталды

 

 

19.

«Жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу – кешенді жаңғырудың негізі» тақырыбына арналған парламенттік тыңдауда қабылданған ұсынымдардың іске асырылу барысы туралы» тақырыбына арналған Комитеттің кеңейтілген отырысы

2022 жылғы

ІІ  тоқсан

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

20.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланын кадрлық, әлеуметтік қамсыздандыру, материалдық-техникалық жарақтау мәселелері бойынша Комитеттің кеңейтілген отырысы

2022 жылғы

ІІ  тоқсан

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті

21.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде алаяқтыққа және қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша Комитет отырысы

2022 жылғы

ІІ  тоқсан

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

22.

«Арнайы экономикалық аумақтар қызметінің тиімділігін бағалау» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

2022 жылғы

ІІ  тоқсан

Қаржы және бюджет комитеті

23.

«Отандық ауыл шаруашылығы техникаларын жасап шығаруды дамыту: жай-күйі, проблемалары және перспективалары» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

2022 жылғы

ІІ  тоқсан

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті

24.****

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Бюросының
2022 жылғы 11 сәуірдегі № 141-VIІ СБ қаулысымен алып тасталды

 

 

25.*****

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Бюросының
2022 жылғы 7 маусымдағы № 163-VIІ СБ қаулысымен алып тасталды

 

 

26.****

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде азаптаулармен байланысты қылмыстарға тергеу жүргізуде жүйелі тәсілді ендіру және прокуратураның рөлін күшейту мәселесі бойынша Комитет отырысы

2022 жылғы

IІ тоқсан

 

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

 

 

VI. Мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың басшылығымен кездесулер

 

1.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде көтерме бөлу орталықтары желісін дамыту және баға белгілеуді жетілдіру мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен және мүдделі ұйымдармен кездесу

2022 жылғы

ІІІ  тоқсан

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті

2.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басшылығымен кездесу

2021 жылғы

ІV  тоқсан

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті

3.

Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы заңнаманы одан әрі жетілдіру, сот жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының басшылығымен кездесу

2021 жылғы

ІV  тоқсан

 

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

4.

Комитет мүшелерінің Алматы облысына сапарының қорытындысы бойынша «Кедендік әкімшілендіру: ағымдағы жай-күйі, проблемалары және оларды заңнамалық тұрғыдан шешудің жолдары» тақырыбында уәкілетті мемлекеттік органдармен кездесу

2021 жылғы

ІV  тоқсан

 

Қаржы және бюджет комитеті

5.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде «Екінші деңгейдегі банктердің стресс активтерінің деңгейін төмендету және оларды экономикалық айналымға тарту» тақырыбында уәкілетті мемлекеттік органдармен және банк секторы субъектілерімен кездесу

2021 жылғы

ІV  тоқсан

 

Қаржы және бюджет комитеті

6.

Жастарда ұлттық бірегейлікті қалыптастыру және жас ұрпақта патриотизмді тәрбиелеу тетігі ретіндегі үздіксіз білім беру тұжырымдамасын талқылау бойынша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің басшылығымен кездесу

2021 жылғы

ІV  тоқсан

 

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

7.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде полицияның сервистік моделінің ауқымын кеңейту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің басшылығымен кездесу

2021 жылғы

ІV  тоқсан

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

8.

«Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде экспортты ынталандыру мен қолдау тетіктері» тақырыбында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің және басқа да мүдделі ұйымдардың басшылығымен кездесу

2021 жылғы

ІV  тоқсан

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті

9.

Ішкі көші-қон, шекара маңындағы аумақтарды дамыту мәселелерін реттеуге және қандастарымызды сол аумақтарда орналастыруды қамтамасыз етуге бағытталған жаңа Көші-қон саясаты тұжырымдамасын әзірлеуді талқылау бойынша мемлекеттік органдардың басшыларымен кездесуі

2021 жылғы

ІV  тоқсан

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

10.

Шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда бірыңғай сыртқы саяси, сыртқы экономикалық бағытты және Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатын қамтамасыз ету мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің басшылығымен кездесу

2022 жылғы

І  тоқсан

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті

11.

Сыртқы мемлекеттік қарыздардың тиімділігі мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектордың өкілдерімен кездесу

2022 жылғы

І  тоқсан

Қаржы және бюджет комитеті

12.

Нормашығармашылық процесін жетілдіру мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің басшылығымен кездесу

2022 жылғы

І  тоқсан

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

13.**

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде бюджет процестерін «қайта жүктеу» және блоктық бюджетті ендіру мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен кездесу

2022 жылғы

ІІ  тоқсан

Қаржы және бюджет комитеті

14.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында берген «Қасіретті қаңтар» сабағы: қоғам тұтастығы – тәуелсіздік кепілі» атты тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Қарулы Күштердің жауынгерлік даярлығы мен жауынгерлік қабілетін арттыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жөнінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басшылығымен кездесу

2022 жылғы

І  тоқсан

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті

15.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы цифрландыру және халықты медициналық қамтамасыз етудің сапасын арттыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығымен кездесу

2022 жылғы

ІІ тоқсан

 

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

16.****

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Бюросының
2022 жылғы 11 сәуірдегі № 141-VIІ СБ қаулысымен алып тасталды

 

 

17.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына отандық өнер мен әдебиетті қолдау бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің басшылығымен кездесу

2022 жылғы

ІІ  тоқсан

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

18.

«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бітімгершілік қызметі – заманауи міндеттер мен шындықтар» тақырыбында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басшылығымен кездесу

2022 жылғы

ІІ тоқсан

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті

19.

Ауыл шаруашылығы кәсіпкерлігін және кооперацияны дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығымен кездесу

2022 жылғы

ІІ  тоқсан

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті

20.****

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде азаматтық қоғамды дамыту және отандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің басшылығымен кездесу

2022 жылғы

ІІ  тоқсан

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

 

VII. Халықаралық және парламентаралық қызмет

 

1.

Қазақстан Республикасы Парламентінің 25 жылдығына арналған халықаралық конференция

2021 жылғы

ІV  тоқсан

Ұйымдастыру комитеті

2.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының
ХІХ отырысы

2021 жылғы

ІV  тоқсан

Ұйымдастыру комитеті

3.

ТМД ПАА-ның 30 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар
(Алматы қ.)

2022 жылдың бірінші жартысы

Ұйымдастыру комитеті

4.

Парламент Сенаты Төрағасының шетелдерге ресми және жұмыс сапарлары (жеке кесте бойынша)

Сессия ішінде

Сенат депутаттары

Сенат Аппараты

5.

Қазақстан Республикасына шет мемлекеттер парламенттері басшыларының сапарлары (жеке кесте бойынша)

Сессия ішінде

Сенат депутаттары

Сенат Аппараты

6.

Парламент Сенатының Төрағасы мен депутаттарының шетел парламенттерінің басшыларымен, халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен, Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық миссиялардың басшыларымен және басқа да көрнекті шетелдік саяси, рухани және қоғам қайраткерлерімен кездесулері

Сессия ішінде

Сенат депутаттары

Сенат Аппараты

7.

Парламент Сенаты депутаттарының ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының, Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының, НАТО Парламенттік Ассамблеясының, «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» парламенттік ынтымақтастық комитетінің және Парламентаралық Одақтың отырыстары мен іс-шараларына қатысуы

Сессия ішінде

Сенат депутаттары

Сенат Аппараты

8.

Парламент Сенатының Төрағасы мен депутаттарының ТМД Парламентаралық Ассамблеясы және ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңестерінің, комиссияларының отырыстары мен жалпы отырыстарына, сондай-ақ басқа да іс-шараларына қатысуы

Сессия ішінде

Сенат депутаттары

Сенат Аппараты

9.

Парламент Сенатының Төрағасы мен депутаттарының Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының, Азия парламенттік ассамблеясының сессиялары мен іс-шараларына қатысуы

Сессия ішінде

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

10.

Парламент Сенаты депутаттарының шет мемлекеттер парламенттерімен ынтымақтастық топтарының желісі бойынша сапарлары мен кездесулері

Сессия ішінде

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

11.

Депутаттардың ЕҚЫҰ ПА-ның, ТМД ПАА-ның және ҰҚШҰ ПА-ның бақылау миссиялары құрамында сайлаулар мен референдумдарға мониторинг жүргізуге қатысуы

Сессия ішінде

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

12.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесі арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның отырыстары

Сессия ішінде

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

13.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісінің Сенаты арасындағы 2021-2022 жылдарға арналған парламентаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі «Жол картасында» көзделген іс-шаралар

Сессия ішінде

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

14.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты тұрақты комитеттері қызметінің бағыттары бойынша халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл

Сессия ішінде

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

 

* - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Бюросының 2022 жылғы 9 ақпандағы № 120-VIІ CБ қаулысымен өзгерістер мен толықтыру енгізілді.

** - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Бюросының 2022 жылғы 1 наурыздағы № 130-VIІ CБ қаулысымен өзгерістер енгізілді.

*** - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Бюросының 2022 жылғы 16 наурыздағы № 138-VIІ CБ қаулысымен өзгерістер енгізілді.

**** - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Бюросының 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 143-VIІ CБ қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

***** - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Бюросының 2022 жылғы 7 маусымдағы № 163-VIІ СБ қаулысымен өзгерістер енгізілді.