Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Оқиғалар аңдатпасы

2023 ж. 5 желтоқсан, сейсенбі15:30

Биылғы жылғы 5 желтоқсан, сейсенбі күні сағат 15:30-да Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінде «Отбасы-неке қатынастарынан туындайтын дауларды қарау кезінде кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі өзекті мәселелер» тақырыбына арналған отырыс өтеді.

Отырыс барысында отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету, тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шаралар және басқалар талқыланатын болады.

Жоғарғы Соттың судьясы Рәзия Қуанышбаева, Әділет министрінің орынбасары Алма Мұқанова, Бас прокуратураның, ішкі істер, ағарту, мәдениет және ақпарат министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) балалық шақты қорғау жөніндегі бағдарламаларының басшысы баяндама жасайды

БАҚ өкілдеріне арналған брифингтер ұйымдастырылатынын хабарлаймыз:

 

БРИФИНГКЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІ

НҰРЛАН БЕКНАЗАРОВ – ҚР Парламенті Сенатының депутаты;

АЛМА МҰҚАНОВА – ҚР Әділет министрінің орынбасары.

 

Комитет отырысы www.senate.parlam.kz сайтында онлайн режимінде көрсетіледі.

Күнтізбе