Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Оқиғалар аңдатпасы

2023 ж. 8 желтоқсан, жұма10:00

Биылғы жылғы 8 желтоқсан, жұма күні сағат 10:00-де Сенатта азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша Парламенттік тыңдау өтеді.

Отырыс барысында төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов, экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев онлайн түрде баяндама жасайды. Сонымен қатар Халықаралық инженерлік академиясы мен Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар қаупін азайту орталығы өкілдерінің сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр.

БАҚ өкілдеріне арналған брифингтер ұйымдастырылатынын хабарлаймыз:

БРИФИНГКЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІ

СЕРГЕЙ ЕРШОВ – ҚР Парламенті Сенатының депутаты;

СЫРЫМ ШӘРІПХАНОВ – ҚР Төтенше жағдайлар министрі.

Парламенттік тыңдау www.senate.parlam.kz сайтында онлайн режимінде көрсетіледі.

Құрметпен, Баспасөз қызметі, 8 (7172) 74-72-27

Күнтізбе