Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Амрин Асланбек Кемеңгерұлы

Амрин Асланбек Кемеңгерұлы

1982 жылы туған. Білімі жоғары. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Урбан-Шампеиндегі Иллинойс университетін (АҚШ, Болашақ бағдарламасы бойынша) бітірген. Экономист-қаржыгер, технологияларды басқару саласы ғылымдарының магистрі.

Жеке және шетелдік компанияларда әртүрлі лауазымдарда, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің сарапшысы, Индустриалды-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы, бөлім меңгерушісінің орынбасары, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі болып қызмет еткен.