Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасарлары арасындағы міндеттерді бөлу

Қазақстан Республикасы Парламенті

Сенаты Төрағасының 2020 жылғы

2 қыркүйектегі № 010-д/ө

өкімімен бекітілді

 

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасарлары арасындағы міндеттерді бөлу

Қазақстан Республикасы Парламенті

Сенаты Төрағасының орынбасары

 

Н.М. ӘБДІРОВ

Мына мәселелерді:

- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының заңнамалық қызметін жүзеге асыруды;

- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының отырыстарын әзірлеуді;

- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қызметін ағымдағы жылға жоспарлауды;

- Коституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары, Қаржы және бюджет, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым, Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту тұрақты комитеттерінің қызметін ұйымдастыруды;

- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қызметінде нормативтік құқықтық актілердің, соның iшінде «Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Парламент және Сенат регламенттерінің сақталуын;

- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты тұрақты комитеттерінің парламенттік тыңдауларды, дөңгелек үстелдерді, конференцияларды, көшпелі отырыстар мен кездесулерді әзірлеуін және өткізуін;

- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының әртүрлі комиссияларға қатысуын;

- қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыруды үйлестіреді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісімен, министрліктермен және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарымен өзi басқаратын мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасайды.

  

Қазақстан Республикасы Парламенті

Сенаты Төрағасының орынбасары

А.О. ШӘКІРОВ

Мына мәселелерді:

- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының депутаттық әдеп ережелерін сақтауын;

- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Қазақстан Республикасы астанасының мәслихаттарымен өзара іс-қимыл жасауын, оның ішінде депутаттардың өңірлерге баруын;

- Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатындағы депутаттық топтардың қызметін ұйымдастыруды;

- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының іссапарларға шығуын;

- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының қызметін ұйымдастырушылық тұрғыдан қамтамасыз етуді;

- Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік тұрақты комитетінің қызметін ұйымдастыруды;

- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шет мемлекеттер парламенттерімен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын ұйымдастыруды;

- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының қызметін қаржылық-шаруашылық, көліктік және өзге де қамтамасыз ету мәселелері бойынша Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасымен өзара іс-қимыл жасауды;

- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Тұрғын үй комиссиясының қызметін ұйымдастыруды үйлестіреді.

- Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісімен, министрліктермен және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарымен өзі басқаратын мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасайды.