Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Абай облысына барды. Сапар барысында ол мәслихат депутаттарымен, жергілікті жұртшылықпен және жастармен кездесіп, халықаралық ғылыми конференцияға қатысты. Кездесулерде Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мәселелері, заң шығару қызметіндегі жаңа міндеттер және Сенат пен мәслихаттардың өзара іс-қимылын дамыту жайы талқыланды.
Сенатор Серік Шайдаровтың төрағалық етуімен Ақмола облысының Родина ауылында «Өңір» депутаттық тобының көшпелі отырысы болды.
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев «ИННОПРОМ» халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне барды.
Сенатор Талғат Жүнісов тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі халықаралық конференцияға қатысты. Шараны Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті және Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университеті ұйымдастырды.
Сенат депутаттары – «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының мүшелері этносаяси сауаттылық бойынша семинарға қатысты.
Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары «Астана» халықаралық қаржы орталығында болды. Сенаторлар сапар барысында биржаның және АХҚО қаржы қызметтерін реттеу комитетінің қызметімен танысты.
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Вьетнам Ұлттық жиналысы депутаттарының делегациясымен кездесті. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты және парламентаралық байланысты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Бүгін Парламент Сенатында «Мүгедектігі бар адамдардың өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті.
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары «Қазақстан-Бразилия» сенатаралық достық тобының 2-ші отырысын өткізді.
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Бекназаров «Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстері жаңа конституциялық өлшемде» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Бразилия Федеративтік Республикасы Ұлттық конгресі Сенаты депутаттарының делегациясымен – «Бразилия-Қазақстан» достық тобының мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында тараптар парламентаралық қарым-қатынасты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата Бюросының отырысында депутаттар 28 қыркүйек күні болатын Сенат отырысының күн тәртібін бекітті.
Депутаттар Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің көшпелі отырысын Маңғыстау облысында өткізді. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері кездесудің басты тақырыбы болды.
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда депутаттар қоғамдық бақылау мәселелеріне қатысты заңдарды қарап, мақұлдады.