Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Депутаттар Қазақ технология және бизнес университетінің студенттерімен кездесті

01.03.2024 213

Сенат депутаттары Ғалиасқар Сарыбаев, Алишер Сатвалдиев, Амангелді Толамисов және Мәжіліс депутаты Болат Керімбек Қазақ технология және бизнес университетінің басшылығымен және студенттерімен кездесті. Парламентшілер жатақханада тұратын студенттердің жағдайымен танысып, олардың бастамаларын қолдау және Қазақстандағы жастар саясатын дамыту мәселелерін талқылады.

Депутаттар университет активімен бірге жастардың алдында тұрған өзекті мәселелерді ортаға салды. Оларды шешудің ықтимал жолдары мен стартаптарды қолдау, білім беру сапасын одан әрі жақсарту, әлеуметтік бағдарламаларды дамыту және жастарды еліміздің саяси өміріне белсенді тарту мәселелеріне назар аударды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға, олардың бастамаларына, жобаларды дамыту мен жас мамандарды қоғамдық-саяси өмірге тартуға ерекше назар аударып келеді. Біздің еліміздің болашағы – жас ұрпақ. Біз, Сенат депутаттары, жастардың дамуына барлық жағдай жасау, оның ішінде қолжетімді және сапалы білім беру, ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту, сондай-ақ жұмысқа орналасу және жұмыспен қамтуға жағдай жасау қажет деп санаймыз», - деді сенатор Сарыбаев.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: А.Байжұманов)

Бөлісу