Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенаторлар әскери білім беру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселесін талқылады

12.04.2024 207

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары Алматыда көшпелі отырыс өткізді. Онда әскери білім беру саласында Киберқалқан тұжырымдамасы аясында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Комитет хатшысы Дархан Қыдырәлі отырысты аша келіп ақпараттық-коммуникациялық технологияның қарқынды дамуы, инфрақұрылымды қорғауда жаһандық цифрландыру үрдістері тиісті іс-әрекетті талап ететінін атап өтті. Ақпараттық қауіпсіздікті қорғау шараларының сақталмауы жағымсыз жағдайға әкеп соғуы мүмкін және ел қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіреді.

«Қазіргі әлем технологияның қарқынды дамуына куә болды, бұл киберқауіпсіздік қаупінің арта түсуіне әкелді. Кибершабуылдар қаупі барған сайын ақылды және талғампаз бола бастайды, ол біздің дағдымыз бен білімімізді үнемі жетілдіруді талап етеді. Әскери білім бұл процесте маңызды рөл атқарады, өйткені ол мамандарды қорғаныс және қауіпсіздік туралы біліммен қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар қауіп-қатерге жедел жауап бере алатын және оның алдын алуға тиімді шаралар қабылдай алатын ерекше көзқарасын  қалыптастырады», - деді Дархан Қыдырәлі.

Көшпелі отырыста Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының өкілі курсанттарды ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ақпаратты техникалық қорғау, шифрлы байланыс ұйымдастыру және жүзеге асыру, әскерді жасырын басқару, құпиялық тәртібі және құпия іс жүргізу дағдысына үйрету жұмыстары туралы айтып берді. Кафедра аясында ақпараттық қауіпсіздік қатерінің маңызды түрлеріне үлгі жасау, олардың алдын алу, осал жақтарын анықтау және желі шабуылдарынан қорғау жөніндегі іс жүзіндегі іс-қимылдарды пысықтауға мүмкіндік беретін желі қауіпсіздігін оқыту зертханасы құрылғаны атап өтілді.

Сенат депутаттары мемлекеттік құрылымдар мен аса маңызды инфрақұрылым нысандарын жоғары деңгейдегі кибер қорғаныспен қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті және Қарулы күштерді осы сала мамандарымен қамтудағы өзекті мәселелерді талқылады.

Кездесуге сонымен қатар қорғаныс, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Қазақстан-Британ техникалық университетінің өкілдері қатысты.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу