Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Айнұр Арғынбекова ЕҚЫҰ ПА делегациясының құрамында климат өзгерісі мәселесін талқылауға қатысты

12.04.2024 356

Парламент Сенатының депутаты Айнұр Арғынбекова Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының Орталық Азия бойынша арнаулы өкілі Фара Карими бастаған делегациясының құрамында түрлі саладағы парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың келешегін сарапшылармен бірге талқылады.

Сенатор ЕҚЫҰ ПА өкілдерімен бірге климаттың өзгеруі, су ресурстары мен трансшекаралық су бассейндерін басқару, жаңартылатын энергия көздеріне қол жеткізу, әйелдер мен жастардың құқықтарын қорғау мәселелерін талқылауға қатысты. Шараға қатысушылар Арал теңізі бассейніндегі экологиялық дағдарыс мәселесіне назар аударды.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу