Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенаторлар мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесті

16.01.2020 947

Сенаторлар Серік Бектұрғанов пен Жеңіс Нұрғалиев мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесті.

Кездесуге облыс әкімінің мүгедектер мәселелері жөніндегі кеңесшісі Аслан Дабылов пен қалалық мүгедектер қоғамының төрағасы Владимир Сова және қала белсенділері қатысты.

Кездесу барысында мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсету жөніндегі мемлекеттік шаралар түсіндірілді. Атап айтқанда, әлеуметтік қызметкерлер мәселесі, сондай-ақ мүгедектерге жеке көмекшілер беру тақырыбы қозғалды.

Сондай-ақ инва-таксиге қызмет көрсететін үкіметтік емес ұйымдарға мүгедектерді беру мәселесі мен қаңтар айынан бастап жұмысты бастау мүмкіндіктері талқыланды. Мемлекеттік сатып алудың қолданыстағы ережелері әзірге оны жүзеге асыруға мүмкіндік бермей отыр.

«Әлеуметтік қызметтер порталын» құру және оның жұмысы туралы мәселе де көтерілді.

Сенаторлар барлық мәселелер мен ұсыныстарды бақылауға алды.

Бөлісу