Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Жаңалықтар

Сенатта үздік журналистер таңдалады

17.02.2020 829

Қазақстан Республикасы Парламентінің жоғарғы Палатасы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен блогерлер арасында Сенат тақырыбы мен экологиялық журналистика бойынша үздік журналистік зерттеуге арналған конкурс өткізуде.

«Аманат» байқауы Қазақстан жұртшылығының Сенат қызметі туралы хабардар болуын арттыруға бағытталған. Конкурстық жұмыстарда Сенат депутаттарының заңдарға енгізген түзетулердің мәні мен маңызы, олардың проблемалық мәселелерді көтеруге арналуы, аймақтардағы өзекті мәселелерге шешуге депутаттардың қатысуы, заң шығару қызметіндегі мәслихаттардың рөлі көрініс табуы тиіс.

«Туған ел» байқауына қатысушылар өз жұмыстарында қоршаған ортаны қорғауға, азаматтардың экологиялық қолайлы әрі қауіпсіз ортада тұру құқығын қорғау мәселелеріне жұртшылықтың назарын аударуға, сондай-ақ экологиялық проблемаларды жария етуге және тірі табиғаттың биологиялық алуандығын сақтауға журналистерді тартуы тиіс.

Конкурсқа ұсынылған материалдар азаматтардың өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған орта жөніндегі құқықтарын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етуге, Қазақстанның экологиялық қауіпсіздік саласында орнықты дамуы мен Сенат депутаттарының қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметі мәселелеріне қатысты болуы тиіс.

Байқауларға журналистер, республикалық және аймақтық телеарналар мен газеттердің, интернет-басылымдар мен радиолардың штаттағы және штаттан тыс қызметкерлері, блогерлер қатыса алады.

Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады. Парламент Сенатының сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда барлық мәліметтер бар. 

Анықтама телефондары: 747239, 747240 (Сенаттың баспасөз қызметі).

Жыл сайынғы «Аманат» конкурсын өткізу қағидасы

Жыл сайынғы «Туған ел» экологиялық журналистика конкурсын өткізу қағидасы

Бөлісу