Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Жаңалықтар

Дариға Назарбаева Сенат Төрағалығына сайланды

02.09.2019 69

Парламент Сенатының алтыншы шақырылымдағы бесінші сессиясының бірінші отырысында жоғары палата депутаттары жасырын дауыс беру арқылы бірауыздан Дариға Назарбаеваны Сенат Төрағалығына сайлады.

  Д.Назарбаеваның кандидатурасын Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынды. Президент Әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев Мемлекет басшысының атынан сөз сөйледі. «Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы лауазымына Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваны сайлауды сұраймын», - делінген Президенттің сөзінде.

«Маған сенім білдіріп қолдау көрсеткендеріңіз үшін рахмет. Бұл мен үшін зор мәртебе және үлкен жауапкершілік. Қазақстан Республикасы Парламентінің жоғарғы палатасының басшысы ретінде мен сүйікті Отанымыздың гүлденуі үшін бар күш-жігерімді, білімім мен тәжірибемді жұмсаймын», - деді Д.Назарбаева.

Бөлісу