Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Жаңалықтар

Сенатор Т.Мұқашев: Орталық және жергілікті басқару органдарына шағын және орта бизнесті қолдау тапсырылды

01.04.2020 133

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Төлеубек Мұқашев елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты Үкімет қабылдаған қаулыларға байланысты барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарына үндеу жолдады.

«Қымбатты әріптестер, еліміз үшін қиын-қыстау сәттерде отандық экономиканы тұрақтандыру, сайлаушыларымызды, жергілікті тауар өндірушілерді, жұмыс және қызмет берушілерді қолдау жөніндегі мемлекет қабылдаған негізгі ұстанымдар мен шараларды түсіндіруде күш-жігерді біріктіруді өтінемін. Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» №285, 2020 жылғы 16 наурыздағы «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» №287 Жарлықтарына сәйкес Үкімет салық-бюджет саясаты мәселелерін реттеуге, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібін айқындауға бағытталған қаулылар қабылдады», - деп атап өтті Т. Мұқашев.

Сенатор бұл актілер Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілген кезеңде қабылданғанын және жергілікті жерлерде түсіндіру жұмыстарын жүргізу талап етілетінін атап өтті. Үкімет актілерінің мәтіндері бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған әрі «Мәслихаттармен жұмыс» веб-порталында орналастырылған.

«Еліміздің Президенті Қ.К.Тоқаев орталық және жергілікті басқару органдарына шағын және орта бизнесті қолдауды, тұқым себу науқаны кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге жәрдемдесуді тапсырған болатын. Сіздердің әрқайсыларыңыз бұл істен шет қалмайтындарыңызға және белгіленген жоспарды іске асыруға өз үлестеріңізді қосатындарыңызға, сондай-ақ округтердегі аға буын өкілдеріне, зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларға және халықтың басқа да әлеуметтік әлсіз топтарына жан-жақты қолдау, қайырымдылық және материалдық көмек ұйымдастыруға жәрдемдеседі деп сенемін», - деді Т.Мұқашев.

(Сурет мұрағаттан алынды)

Бөлісу