Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева қазақстандықтарды 1 мамыр мерекесімен құттықтады

01.05.2020 904

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мемлекеттілігіміздің беріктігінің тірегі - достық пен өзара түсіністіктің, келісімнің мерекесі.

Біздің тағдырымыз да, жеріміз де бір, біздің ортақ Отанымыз - Қазақстан. Халқымыздың барлық арман-тілектері бір. Қазақстан ұлттардың, тілдердің, діндердің көптігімен қуатты.

Қазақстандықтардың бірлігі мен отансүйгіштігі - кез-келген ауыртпалықтан алып шығады, індетті де жеңеді.

Еліміздегі әрбір шаңыраққа амандық, зор денсаулық, бақыт пен береке, сүйіспеншілік тілеймін!

 

Қазақстан Республикасы 

Парламенті Сенатының Төрағасы                                                      Д.Н. Назарбаева

Бөлісу