Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Жаңалықтар

Д.Назарбаева: Палата Төрағасының орынбасары лауазымында С.Громов салмақты әрі сындарлы көзқарасты ұстанды

02.09.2019 5

Дариға Назарбаева Сенат Төрағасының бұрынғы орынбасары Сергей Громовтың аймақтардағы, қорғаныс және партия жүйесіндегі, өндіріс және бизнес саласындағы мол тәжірибесін атап өтті. «Қаралып отырған мәселелерге мемлекеттік көзқарасыңыз бен Сіздің жеке қабілет-қасиеттеріңіз Сенаттың заң шығару қызметінде өте пайдалы болды», - деп атап өтті ол.

Сенат басшысы Палата Төрағасының орынбасары лауазымында С.Громов әрдайым салмақты әрі сындарлы көзқарасты ұстанғанын, нақты шешімдер ұсынғанын әрі мәселелерді талқылау кезінде ел үшін, оның болашағы үшін жаны ауыратын мемлекетшілдік тұрғысынан қарағанын атап өтті. «Парламентаралық қарым-қатынастарды дамыту, шекара маңындағы ынтымақтастықты қалыптастыру, Сенаттың мәслихаттармен, өңірлермен өзара іс-қимылы үшін ауқымды істер атқардыңыз. Сенат депутаты болып жұмыс істеген жылдардағы жоғары кәсіби еңбегіңіз бен Сенаттың көп қырлы қызметіне қосқан үлесіңіз үшін Сізге рахмет», - деді Д.Назарбаева.

Бөлісу