Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Жаңалықтар

Д. Назарбаева: Г. Ким сот жүйесін, құқық қорғау органдарын және заң шығарудағы бүкіл процестерді дамыту мен жетілдіру үшін көптеген істер атқарды

02.09.2019 3

Сенат басшысы бұрынғы сенатор Георгий Кимге алғыс айтты.

Г.Ким заңгерлер әулетінің өкілі, жоғары білікті тәжірибелі мемлекеттік қызметкер, кез келген мәселені өз елінің патриоты ретінде мұқият және жан-жақты қарағанын атап өтті.

«Сіз көтерген мәселелер мен айтқан сөздеріңіз, сұрақтар мен ұсыныстарыңыз қысқа да дәлелді, реттелген әрі негізді болатын. Президент Әкімшілігі, Үкімет құрылымдары мен Прокуратурадағы жұмыс тәжірибеңіз Палатаның заңнамалық қызметінде пайдалы әрі нәтижелі болды», - деді Сенат басшысы.

Салалық комитеттің төрағасы болған кезде Георгий Ким сот жүйесін, құқық қорғау органдарын және заң шығарудағы бүкіл процестерді дамыту мен жетілдіруде көптеген істер атқарғаны атап өтілді. «Қазақстан тәуелсіздігі мен қазақстандық парламентаризмнің қалыптасуы мен дамуына қосқан жеке үлесіңіз бен жоғары кәсіби қызметіңізге рахмет, Георгий Владимирович», - деді Сенат басшысы.

Бөлісу