Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Жаңалықтар

Сенатта заң шығару үдерістерін жетілдіру талқыланады

09.09.2019 33

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті 27 қыркүйекте өтетін «Заң шығару үдерістерін одан әрі жетілдіру» тақырыбы бойынша парламенттік тыңдауларға дайындық жұмыстарымен айналысатын болды.

Сенат басшысы парламенттік тыңдаулардың сипатын өзгертуге шақырды. Бюро мүшелері шараның нәтижелі болуы үшін бірқатар ұсыныстар айтты. Атап айтқанда, көкейкесті мәселелерді көтеру, жұртшылық өкілдері мен сарапшыларды парламенттік тыңдауларға шақыру, құқық қолдану тәжірибесіне баса назар аудару ұсынылды.

«Заңдардың орындалуы бойынша мониторинг жасау құқығы бізде жоқ. Бұл мәселені тыңдауда талқылау және заңға тиісті түзетулер енгізуді ұсыну керек. Біз сіздермен ауқымды жұмыстарды атқарып келеміз, әрбір үтір-нүктесіне дейін қараймыз, түзетулерімізді енгіземіз. Бірақ біз ол заңның одан әрі қалай жұмыс істейтінін көре алмаймыз, бізге заңнан кейінгі құжаттар базасы заң ережесіне сәйкес келетіні белгісіз болып қалады. Мұндай тәжірибеден бас тарту керек», - деді Д. Назарбаева.

Бөлісу