Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Жаңалықтар

Қ. Сафинов Еуразиялық патенттік конвенцияға Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттаманы қабылдау жөніндегі дипломатиялық конференцияда сөз сөйледі

09.09.2019 23

Сенат депутаты Қанатбек Сафинов Еуразиялық патенттік конвенцияға Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттаманы қабылдау жөніндегі дипломатиялық конференцияға қатысты.

Хаттамаға қол қойылуы дипломатиялық конференцияның негізгі құжаты  болады, оның қабылдануы Еуразиялық патенттік конвенцияға қатысушы мемлекеттердің ынтымақтастығына жаңа серпін береді.

Конференцияға жиырмадан астам ел мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда. Шара Еуразиялық аймақтағы зияткерлік меншік саласындағы соңғы онжылдықтағы ең маңызды оқиғалардың бірі болады.

Қ.Сафинов конференцияға қатысушыларға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаеваның құттықтау сөзін оқыды. Сенат басшысының үндеуінде өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғаудың Еуразиялық жүйесін құру барлығы үшін маңызды екені атап өтілді. Бұл бүгінгі күні бес мемлекетті бірыңғай тауар нарығымен біріктірген еуразиялық ықпалдастықтың келесі кезеңі болып табылады.

«Зияткерлік меншік нысандарын қорғау күшейтіледі. Біздің елдердің инвестициялық тартымдылығы артады. Инвесторлар өздерін Еуразиялық патенттік конвенцияға қатысушы мемлекеттердің аумағында мейлінше қорғалғанын сезінетін болады»,- деді Д. Назарбаеваның құттықтау сөзінде.

Бөлісу