Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Жаңалықтар

Сенат депутаттары Елбасының тезірек сауығып кетуін тіледі

19.06.2020 170

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Құрметті Сенатор Н.Ә.НАЗАРБАЕВҚА

  Аса Мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы!

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Сіздің тезірек сауығып кетуіңізді тілейді!

Бойыңыздағы ерік-жігеріңіз бен күш-қайратыңыз Сізге әрдайым барлық қиындықтардан сүрінбей өтуге септігін тигізіп келеді. Сіздің асқақ рухыңыз бен табандылығыңыздың арқасында еліміз түрлі әлеуметтік және экономикалық дағдарыстарды еңсере білді. Сіздің дана, сарабдал саясатыңыздың нәтижесінде еліміз тәуелсіздік жылдарында мемлекеттіліктің берік негізін қалап, татулық пен тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісімді сақтай алды.

Бүкіл әлем Өзіңізді тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы тұлға, көреген саясаткер ретінде мойындап, аса құрметтейді.

Қазір әлемдік көшбасшылардан, үлкен ұжымдардан және қатардағы азаматтардан Сіздің атыңызға мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілеген хаттар легі көптеп келіп түсуде. Мұның бәрі Сіздің әлемдік қоғамдастықта да зор абырой-беделге ие кемеңгер қайраткер екеніңіздің айқын дәлелі.

Қазіргі таңда барша Қазақстан халқы Сіздің денсаулығыңызға алаңдап, қобалжуда. Дегенмен, біз Сіздің бұл сынақтан да сүрінбей өтетініңізге кәміл сенеміз.

Сіз бұған дейін де талай қиын-қыстау кезеңдер мен тағдыршешті сәттерді еңсеріп, соның бәрінен елімізді аман-есен алып шықтыңыз.

Өзіңіздің өнегеге толы өмірлік бай тәжірибеңіз бен ақыл-ойыңыз, біліміңіз бен парасатыңыз және көшбасшылық дара қасиетіңіз халқымыз бен еліміз үшін дамудың жаңа кезеңінде де аса қажет.

Салиқалы саясатыңыздың сабақтастығы аясында еліміз әлі талай биік белестерді бағындырады деп сенеміз.

Сіздің Құрметті Сенатор болуыңыз да біз үшін үлкен абырой және зор мақтаныш.

Барлық сенаторлар Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және Отанымыз – Қазақстанның одан әрі өсіп-өркендеуі жолындағы қызметіңізге толайым табыс тілейді! 

Ізгі ниетпен, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев

 

Бөлісу