Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Жаңалықтар

Сенаторлар Салық кодексіне түзетулер мен шетел валютасындағы ипотекалық қарыздар мәселесін қарады

23.06.2020 129

Бүгін Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысы болып, онда Салық кодексіне және оны қолданысқа енгізу туралы заңға түзетулер қаралды.

Заң жобасының негізгі мақсаты Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі 2020 жылдың соңына дейінгі кешенді жоспарда көзделген іс-шараларды салық салу, экономиканың өзіндік жеткіліктілігін арттыруға, сервистік экономиканы қалпына келтіруге және нақты секторды тұрақты дамытуға бағытталған шаралар бөлігінде орындау болып табылады.

Сенаторлар отырыс барысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне шетел валютасындағы ипотекалық қарыздар, көрсетілетін төлем қызметтері нарығының субъектілерін реттеуді жетілдіру, жалпыға бірдей декларациялау және экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын да қарады.

Заң жобасының негізгі міндеттері   2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген әрі жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген халықтың шетел валютасындағы ипотекалық қарыздары бойынша жұмыстарды аяқтау, сондай-ақ ақшаны жылыстату, капиталды елден шығару қаупін азайту және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл мақсатында төлем жүйелерімен қоса, банктік емес ұйымдардың қызметін реттеудің тиімділігін арттыру болып табылады.

Бұл құжат та Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі 2020 жылдың соңына дейінгі кешенді жоспарды орындауға бағытталып отыр.

Заң жобалары Палатаның қарауына жіберілді.

Бөлісу