Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Жаңалықтар

Сенат комитеті Жоғарғы Соттың судьялары лауазымына сайлауға кандидатураларды талқылады

24.06.2020 120

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінде Республика Президентінің Қазақстан Республикасы Конституциясындағы 55-баптың 1) тармағына сәйкес Жоғарғы Сот судьялары қызметіне сайлауға ұсынған А.С.Төкиевтің және Н.М.Рахметуллинаның кандидатурасы талқыланды.

Комитет отырыс қорытындысы бойынша осы кандидаттарды Жоғарғы Сот судьялары қызметіне тағайындауды ұсынды.

Парламент Сенатының үстіміздегі жылғы 25 маусымда болатын кезекті отырысында тиісті мәселе қаралатын болды.

Бөлісу