Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Жаңалықтар

ЕЛІМІЗДІҢ ӘР АЗАМАТЫНА ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЛІП ОТЫР

10.07.2020 43

Індетпен күресу үшін мемлекет тарапынан алғашқы кезеңде-ақ тиісті шаралар қабылданғаны белгілі. Сол арқылы аурудың дереу асқынып кетуіне жол берген жоқпыз. Бірақ жауапты органдардың жұмысты ұйымдастыруда олқылықтарға бой алдырғанын мойындауымыз керек. Мемлекет басшысы бұл мәселенің жауапсыз қалмайтынына көңіл бөліп, денсаулық сақтау жүйесі мен әкімдердің жұмысына тиісті баға берілетінін қадап айтты.

Сонымен қатар өз Үндеуінде Президентіміз мемлекеттік органдарға, жергілікті әкімдерге тағы да нақты тапсырмалар берді. Енді алғашқы кезеңдегі қателіктер қайталанбайды деп сенемін. Әсіресе, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, ауруханалардағы орын санын арттыру сияқты өзекті мәселелер бойынша жүйелі жұмыс жүргізу қажет.

Мемлекет азаматтарды аурумен бетпе бет қалдырмайды. Сол себепті, барлық шараларды қабылдап, жұмысты жалғастыра береді. Бірақ, мұның бәрі таразының бір басы ғана. Ал екінші жағында халық тұр. Сол үшін біз таразының екі басы тең болуына баса мән беруіміз керек. Егер азаматтар сақтық шараларын сақтамаса мемлекет қолға алған жұмыстардың нәтижесіз болуы әбден мүмкін.

Қазір еліміздің әр азаматына үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. COVID-19 індетін еңсеріп шығуымыз, ең алдымен, біздің ынтымағымызға байланысты деп ойлаймын. Мемлекет басшысы да өзінің Үндеуінде «бәлкім бұл біздің бірлігімізді байқау үшін берілген сынақ шығар» деді. Сондықтан біз дәл қазір байбаламға салынбай, үрейден арылып, бекем бірлік танытып, іргелі ел екенімізді көрсетуіміз керек.

Тағы бір айта кетер жайт, бүгінде кейбір азаматтар кез келген ақпаратқа, дәйексіз, дәлелсіз мәліметтерге сене беретін болды. Бұл ахуалдың одан әрі ушығуына себеп болып отыр. Мемлекет басшысы бұл мәселеге де назар аударып, халықты адастырған адамдардың жауапсыз қалмайтынын айтты.

Әрине, қазіргі жағдай ешкімге оңай тиім жатқан жоқ. Алайда, талай нәубеттен аман қалған елміз ғой. Сондықтан барша халықты бұл жолы да елдігімізге сызат түсірмей, жұдырықтай жұмылып әрекет етуге шақырамын.

 

 

Ғұмар ДҮЙСЕМБАЕВ

Парламент Сенатының депутаты

Бөлісу