Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Жаңалықтар

АДАМ ӨМІРІНЕН ҚЫМБАТ ЕШНӘРСЕ ЖОҚ

10.07.2020 40

Президент өзінің бүгінгі үндеуінде Үкіметтің, әсіресе Денсаулық сақтау министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың індетке қарсы нақты іс- шаралар жасамағандығы туралы ашық айтты. Толық қолдаймын. Бұл парламент қабырғасында да айтылған болатын. Тыңдайтын құлақ болмады. Өкінішке орай көптеген отандастарымыз дер кезінде нақты дәрігерлік көмек аламағандықтан, тиісті дәрі-дәрмектер жетпегендіктен өмірден озды. Бүкіл билік олардың алдында кінәліміз деп санаймын. Әлі де болса он мыңдаған адамдарға көмек қажет. Олар қатты қиналуда. Барлық күшімізді солардың өмірін сақтап қалуға жұмсайық. Үкімет абаттандыруға, жол салуға, т. б. қатысты шығындарды қысқартып, оның орнына қажетті медициналық құрал-жабдықтарды сатып алуы керек. Адам өмірінен қымбат ешнәрсе жоқ.

 

 

Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ,

Парламент Сенатының депутаты

Бөлісу