Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Індеттен құрбан болғандарды бір минут үнсіз еске алды

13.07.2020 676

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин індет құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 13 шілдені COVID-19 індетінен қаза болған қазақстандықтарды еске алу үшін Ұлттық аза тұту күні деп жариялағаны белгілі.

Бүгін мемлекеттік мекемелер мен шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктерде мемлекеттік ту түсірілді. Ал астана уақытымен сағат 12:00-де еліміз бойынша бір минут үнсіздік жарияланды. Пандемия құрбандарын еске алуға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин, Премьер-министр Асқар Мамин, үкімет мүшелері, өңірлердің әкімдері, мемлекеттік органдар мен медициналық мекемелердің басшылары қатысты.

Аза тұту рәсімі республикалық телеарналарда тікелей эфирде көрсетілді.

Бұған дейін Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев және депутаттық корпус пен Сенат аппараты қызметкерлері індеттен көз жұмған азаматтардың отбасыларына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасқан болатын.

Бөлісу