Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Жаңалықтар

Қызылорда облысының аграрлары күріш алқабын суаруға су тапшы екенін жеткізді

04.08.2020 88

Егін егушілер өз мәселесін Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлына айтты. Жаңақорған мен Шиелі аудандары тұрғындарының айтуы бойынша Сырдария өзенінің суы төмендеуде, осыған байланысты олар әкімдікке жүгінген.

Айтуларынша, ауданда құны бір миллиард теңге тұратын су платинасы салынған. Бірақ үш жылдан кейін іске жарамсыз болып қалған. Қазіргі таңда платина жұмыс істеп тұрған жоқ. Сенат депутаты құқық қорғау органдарының осы мәселеге назар аударуын сұрады.

Мұрат Бақтиярұлы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиевпен және оның орынбасарларымен сөйлесті. Сенатор қалыптасқан жағдай туралы айтып, осы мәселені жақын арада шешуді сұрады, онсыз аграрлар орасан шығынға бататынын жеткізді. Тиісті министрлік 5 тамызға дейін Сырдария өзеніндегі су деңгейінің төмендеуін болдырмау жолдарын қарастыруға уәде берді.

Мамандардың айтуы бойынша, биыл шамамен 90 мың гектар алқапқа күріш егілген. Мұндай аумақты 3 ай суару кезеңінде сумен қамтамасыз ету қиын. Сенатор өз кезегінде су ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік беретін заманауи технологияларды пайдалануды ұсынды.

Мұрат Бақтиярұлы егін егушілерге күріштен бөлек суды көп қажет етпейтін жоңышқа, рапс, жүгері және бау-бақша өнімдерін өсіруді ұсынды.

Осы ретте сенатор кіші Аралды толтыру мәселесіне де назар аударды.

Мұрат Бақтиярұлы өңір аграрларымен және басшылығымен кездесуде «Бізге кіші Аралды толтыру үшін де су қажет. Судың теңізге жетпей жатқанын ескерсек, кіші Аралдың су деңгейі төмендеуі мүмкін. Қазірдің өзінде Қамбаш көлі жағалаудан 150 метрге шегініп кетті. Қызылорда Сырдарияға өте тәуелді, сондықтан көп суды қажет етпейтін дақылдарды өсіру маңызды. Бұл бағытта дихандар үшін арнайы бағдарлама әзірлеген жөн» - деді.

Егін алқаптарынан бөлек Сенат депутаты аудандық ауруханаға барып, жергілікті жұртпен тілдесті.

Бөлісу