Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенатор: Қайтадан дәрі-дәрмек жетіспеушілігінің орын алуына жол берілмеуі керек

06.08.2020 593

Сенатор Рысқали Әбдікеров өзі сапарлап жүрген Қарағанды облысының дәріханаларында дәрі-дәрмектердің қол жетімділігі мен дәрі-дәрмектердің құнын бақылауды жалғастыруда. Депутат жергілікті билік тұрғындардың сұраныстарына мұқият жауап беріп, пандемия кезінде дәрі-дәрмек жетіспеушілігі жағдайының қайталануына жол берілмеуі керектігін атап өтті.

Рысқали Әбдікеров сонымен бірге дәрігерлерді қолдау, коронавируспен күресте оларды барлық қажеттіліктермен қамтамасыз ету маңызды екенін еске салды. Қорғаныс құралдармен, дәрі-дәрмектермен ғана емес, сонымен қатар ыстық тамақпен де қамтамасыз етудің маңызын атап өтті. Дәрігерлер әлі күнге дейін стационарларда, адамдардың өмірі үшін күресуде.

Сондай-ақ сенатор аудандардың біріндегі дүкендердегі азық-түлік бағаларына мониторинг жүргізді. Ол әкімдік нарықтағы өзгерістерді мұқият қадағалап, саудагерлерге әлеуметтік маңызды тауарлардың рұқсат етілген бағасынан асып кетуіне жол бермеу керектігін атап өтті. Сонымен қатар, депутат еріктілерге мұқтаждарға азық-түлік жиынтығын жеткізу бойынша қайырымдылық акцияларын тоқтатпау туралы өтініш білдірді.

Рысқали Әбдікеров тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету жоспарымен де танысты. Алдағы уақытта облыстың төрт ауылында 400-ге жуық үй салынады. Қазір мемлекеттік бағдарламаға сәйкес бірнеше көппәтерлі тұрғын үй кешендері салынып жатыр. Оларды қамтамасыз ету үшін «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша Бұқар жырау ауданында жаңа модульді қазандық салынды.

Депутат құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен де кездесті. Олар учаскелік инспекторлардың штат санын кеңейту және қызметтік көлікпен қамтамасыз ету қажеттілігі туралы айтты. Қарағанды облысының полицейлері сенаторға жолдарды бұзатын жүк көтергіштігі 25 тонна және 40 тонна болатын ауыр көлік құралдарының қозғалысын шектеу үшін «Автомобиль көлігі туралы» заңға толықтырулар енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Сенат депутаты Рысқали Әбдікеровтің Қарағанды облысына жұмыс сапары жалғасуда. Алда өңір басшылығымен кездесулер және тағы бірнеше ауданға сапарлар жоспарланған.

Бөлісу