Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Жаңалықтар

Сенатор медициналық қызмет көрсету деген желеумен аударылған ақшаны қайтаруды және кінәлілерді жазалауды талап етті

06.08.2020 207

Сенат депутаты Дана Нұржігітова Бас прокуратура мен Денсаулық сақтау министрлігінен медициналық қызмет көрсетілді деп жалған мәлімет беру жағдайын тексеріп, кінәлілерді жазалауды сұрайды. Сенатор бұл туралы әлеуметтік желілердегі парақшасында мәлімдеді.

Сенатор «Медициналық сақтандыру қоры бір ғана жарты жылдықтың ішінде соммасы 75,5 млн теңге 11 607 жалған тағайындау  анықтаған. Қазір еліміз үшін онсызда оңай емес кезең кезінде орын алған жағдай отандық  денсаулық сақтау  жүйесін «қайта іске қосу» қажет емес пе деген ой салып отыр», - деп жазды.

«Кінәлілерді анықтап және жазалап қана қоймай (жауапкершілікті күшейтуге қатысты айтылған мәлімдеме), сондай-ақ жүйелік кешендік шаралар қарастыру қажет. Менің ойымша, бұл жағдайда қарапайым дәрігерлерге ғана жауапкершілікті артудың қажеті жоқ. Олардың еңбегіне пандемия кезінде барлығымыз куә болдық. Уәкілетті органнан осындай жағдайларды бұдан әрі болдырмау және толығымен жою мәселеріне қатысты нақты ұсыныстарын күтеміз», - делінген сенатордың жазбасында.

Дана Нұржігітова қадағалаушы органға жоғарыдағы аталған заң бұзушылықтарды анықтау, көрсетілмеген медициналық қызметтер үшін төленген қаражаттарды қайтару және кінәлілерді жауапкершілікке тарту бойынша прокурорлық ден қою шараларын қабылдау туралы ресми сауал жолдайтынын жеткізді.

Сонымен қатар, өзінің депутаттық мандатын пайдалана отырып, сенатор Денсаулық сақтау министрлігіне жалған тіркеу мүмкіндігін болдырмау арқылы медициналық қызмет төлем жүйелерін одан әрі жетілдіру, ведомстволық және науқастар тарапынан қадағалау құқығын күшейту, Қордың (ӘМСҚ) және өзге де медициналық ұйымдардың толықтай қаржылық ашықтығын қамтамасыз ету туралы ресми үндеу жолдайтынын мәлімдеді.

Бөлісу