Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Жаңалықтар

Мектеп құрылысы және «Жол картасын» іске асыру – сенаторлардың аймақтарға сапары жалғасуда

10.08.2020 71

Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы Қызылорда облысының Қазалы ауданына барды. Қазіргі таңда мұнда «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020-2021» мемлекеттік бағдарламасы бойынша құны 3 млрд. теңгеден астам қаржыны құрайтын 42 жоба іске асырылып жатыр. Сапар барысында сенатор ауданның бірнеше мектеп пен балабақшаның құрылысымен танысып, шалғайда орналасқан елдімекендерді газбен қамту жұмыстарының ауқымына назар аударды.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша айтарлықтай қаражат бөлінді. Басты мақсат – жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы халықты жұмыспен қамтамасыз ету. Соның аясында жол, мектеп, аурухана, емхана, мәдениет үйлері жөнделіп, аулалар мен ауылдар абаттандырылады. Сондықтан бөлінген қаражат орынды әрі тиімді жұмсалуы керек», – деді Сенат депутаты.

Бұдан бөлек, сенатор аймаққа сапары кезінде аудан орталығындағы темір-бетон зауытының жұмысымен танысты. Өз кезегінде кәсіпорын басшылығы зауыт өндіретін өнімдерге сұраныс жоғары екенін айтты.

Бөлісу